Жебегенов Еркебулан Бейбитович » Береке орта мектебі
"Алматы облысы
,білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27)73-96-5-29
Есепші бөлімі:
+7(27)73-96-5-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жебегенов Еркебулан Бейбитович
04
март
2022

Жебегенов Еркебулан Бейбитович

Мен Жебегенов Еркебұлан Бейбітұлы Алматы облысы Балқаш ауданы Қарой ауылында дүниеге келдім. 1989жылы «Үлгілі» орта мектебіне 1сынып табалдырығын аттап, 2000  жылы аталған «Үлгілі» орта мектебін бітірдім. 2001 жылы Қазақтың Спорт және Туризм академиясына оқуға түсіп, 2006 жылы аталған жоғарғы оқу орнын Дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы және волейбол жаттықтырушысы мамандығы бойынша бітіріп шықтым. 2006 жылдың 1- сәуірінен «Үлгілі» орта мектебіне жас маман ретінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастастап, сол жылы 2006 жылдың 1- қыркүйегінде Береке орта мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып ауыстым. 2008 жылы «Үлгілі» орта мектебіне ауысып, аталған білім ордасында 2009-2010 жылында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым. 2011-2018  жылдарында Бақанас мектеп – интернатына дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарсам, 2016-2017 жылында Бақанас мектеп - интернатында педагог ұйымдастырушы қызметін атқардым.  2019 жылдан бері «Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры болып жұмыс атқарудамын. Отбасылымын үш ұлым бар.