1 қыркүйек Білім күні » Береке орта мектебі
"Алматы облысы
,білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27)73-96-5-29
Есепші бөлімі:
+7(27)73-96-5-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек Білім күні
01
сентябрь
2022

1 қыркүйек Білім күні

2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 
1 қыркүйек Білім күнін және «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштілік
 және отаншылдық » тақырыбындағы салтанаттты 
жиынының сценарийі
Жоспары:
 1. Сапқа тұрғызу
 2. Қонақтармен таныстыру
 3. ҚР гимні
 4. Ауданнан келген өкіл мен ауыл  әкімінің құттықтауы
 5. Ән
 6. Мектеп директорының құттықтауы
 7. 1 - сынып оқушыларының өлеңдері
 8. Ата-аналар атынан құттықтау сөз
 9. Алғашқы қоңырау салтанаты
 10. Қорытынды сөз
 Уақыты: 9:00 мектепке кіргізу
 Өтетін күні: 01.09.2022
 Сынып: 1-11 сынып
 Мектеп алаңын дайындау, шарлар, жалаушалар ілу

 I жүргізуші:
 Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата - аналар!
 ІІ жүргізуші:
 Арма ағайын, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!
 І жүргізуші.
 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. Бұл дегеніміз биылғы жылы жас буынның тәрбиесі мен біліміне баса мән берліледі деген сөз. «Балалар – мемлекетіміздің болашағының кепілі. 
«Жастар рухы» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Жаңа Қазақстан жастары үшін маңызды үш басымдық – Терең білім, Еңбекқорлық және Отаншылдық қасиетті атап өтті. 
Осыған байланысты бүгінгі өткізгелі тұрған бірыңғай сынып сағатында Қазақстанның жаңа басымдықтарын талқылауға басты назар аударылуы тиіс.
Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Кез келген халық ұрпақ тәрбиесін – ұлттың тағдыры, болашағы деп біледі. – Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді,-» деді ҚР Президенті.
ІІ жүргізуші:
 Ал ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “ -«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштілік және отаншылдық ”атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз!
І жүргізуші:
 Биылғы еліміздің даңқын асқақтатқан оқиғалар көп болды
 Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Сонымен қатар білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосу мақсатында  ауылымызда мектеп директоры  болып алғаш көш бастаған Қошқарбаев Елтай Қошқарбайұлының ұрпақтары өз қаражатына математика  кабинетін   заман талабына сай безендіріп, дайын күйінде бізге тарту етті. Балалар жылына орай бүлдіршіндерімізге бұл –   тамаша сыйлық болды.

 Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
ІІ-жүргізуші
Айқара ашқан есігін
 Қайнары білім нұрының
 Мектебің – алтын бесігің
 Жылы ұяң, міне сыныбың
 Қаламсап алып қолыңа,
 Достасарсың да әріппен
 Шуағын себер жолыңа,
 Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп
 табалдырығын аттағалы отырған 1 - сынып
 оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.
 I Жүргізуші:
 Халқымыз “Ата - баба дәстүрі - асыл мұра” дегендей “Бала – бауыр етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға
 отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6 - ға келіп, 1 - сыныпқа қабылданып,“Алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті.
 ІІ-жүргізуші
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мерекеде мектеп    табалдырығын атағалы тұрған 1-сынып бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.
(музыка ойналады)
 Бүлдіршіндерімізді  білім әлеміне жетелейтін ұстазы Қамзабекова Әсемгүл Жақатайқызы ; ( 1-сынып   тізімімен оқылады.)
ІI жүргізуші:
 Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
 1. ................................................................................
 2. ...............................................................................
 3. ................................................................................
 4..................................................................................
 5.................................................................................
 
 
І жүргізуші: 
Әнұраным көгінде шарықтасын,
Көгілдір ту қияда қалықтасын.
Әлем танып білетін елтаңбамды,
Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын.
Мектеп, түзел, тік тұр! 
      Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік  Гимні орындалсын!
   (гимн орындалады)
 ІІ жүргізуші:
 Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
 Ұстаз деген әулиедей талайға
 Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
 Әл - Фараби, Омар Хаям, Абай да.
 І жүргізуші:
 «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштілік және отаншылдық мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Жебегенов Еркебұлан Бейбітұлына беріледі.
 
 
ІІ жүргізуші
2022-2023 оқу жылының басталуы туралы бұйрығымен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алимова Гүлмира Есенкуловна таныстырады.

 Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
 Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
 Қуаныш пен салтанатты шақтарда
 Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
 Сөз кезегі қадірменді қонақтарда.
 ( қонақтарға сөз беріледі) Құттықтау сөзаудандық---------------------   беріледі.
І-жүргізуші
Береке  ауылдық округі  әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ақмолдаева Нұржамал Нұрмолдақызына беріледі.
Сіздердің құрметтеріңізге, ақ тілектеріңізге арнап  2-сынып оқушысы Қайсар Зеренің  тамаша әнін   қабыл алыңыздар.
ІІ-жүргізуші
Қадамыңа гүл бітсін деп ел- халқың,
Қошеметпен қолын соғып тұр жалпың.
Білім ал , нұр жаусын тек талабыңа ,
Ең кішкентай оқушы - қылығы алтын.-  
Сөз кезегін мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 1-сынып оқушыларына береміз.(оқушылар өлең   оқиды.)
І-жүргізуші
Қоңырау сыңғырла, асыға
 Үн қосқан қиядан асуға
 Білім ал, еңбек ет жас ұлан
 Өрле сен биiк шың басына.
 (Музыка жіберу)
Алғашқы қоңырау соғу рәсімі құрметпен 1-сынып  оқушылары  ? беріледі
(Қоңырау соғылып жатқан кезде оқылады)
Аялар бейбіт күн нұры,
 Мектебім, бізге жөргексің.
 Алғашқы қоңырау сыңғыры
 Ән болып сені тербетсін.
 
 Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,
 Жаңа оқу жылын ашқасын
 Бал үнің сенің сырлы ырғақ
 Сыныпқа бізді бастасын
 
 Қоңырау үні шарықта,
 Өзіңнің сиқыр тіліңде
 Қызмет көрсет халыққа
 Шақырып өнер – білімге
 
 Жаңа оқу жылы жемісті
 Мерейі үстем жыл болсын
 Шәкірттеріміз өрісті
 Елім дер қыз бен ұл болсын.
 II Жүргізуші:
 Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1 - сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық! Мектепке 1 - сынып оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.
 І-жүргізуші
 Оқысаңыз балалар
 Шамнан шырақ жағылар
 Тілегенің алдыңнан
 Іздемей - ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.
 Ақ жол, бүлдіршіндер!
 Біліммен асып - тасайық
 Тілеуін берсін көк көптің
 Тілекпен осы ашайық
 Есігін енді мектептің
 ІІ- жүргізуші:
 Осымен 1 - қыркүйек білім күніне арналған «-«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштілік және отаншылдық “атты салтанатты жиынын  жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
 
 І- жүргізуші:
 Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2022 – 2023 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады.
 Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!