11-сынып оқушыларымен "Үміт, сенім бізді алға жетелейді» психологиялық жаттығуы өткізілді. » Береке орта мектебі
"Алматы облысы
,білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27)73-96-5-29
Есепші бөлімі:
+7(27)73-96-5-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 11-сынып оқушыларымен "Үміт, сенім бізді алға жетелейді» психологиялық жаттығуы өткізілді.
14
октябрь
2021

11-сынып оқушыларымен "Үміт, сенім бізді алға жетелейді» психологиялық жаттығуы өткізілді.

"Үміт, сенім бізді алға жетелейді»

Жігер деген- МЕНКүш деген- МЕНМахаббат деген- МЕНКешірім деген- МЕНЖастық деген- МЕНДенсаулық деген- МЕНЖарқындық деген- МЕНБар ғажайып деген-МЕНБәрі маған байланыстыБәрі менің қолымда… ,



«Гүлге қонған көбелек» тренингі

Әр оқушы ҰБТ-ға дайындалып жүргенде болашақта қандай ерекше жағдайдың болғанын қалайтынын, өз арман-тілегін қағаздан әдейі қиылып жасалынған көбелекке жазып, тақтадағы гүлге апарып қондыру керек. Менің болашақтағы арманым...Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын сөз қорларын дамыту. Оқушыларды адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерді сезініп, бағалай білуге үйрету.Нұсқау: Оқушылар өздерінің болашаққа деген арман тілектерін, ойларын айту.

Түлектерге арналған аффирмация

Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).

• Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.

• Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.

• Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.

• Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.

• Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді.

• Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.

• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.

• Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.

• Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.

• Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.