2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысының жоспары » Береке орта мектебі
"Алматы облысы
,білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27)73-96-5-29
Есепші бөлімі:
+7(27)73-96-5-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысының жоспары
01
сентябрь
2021

2021-2022 оқу жылында тәрбие жұмысының жоспары


№130 Бұйрығына 10-қосымша


нысан

Балқаш аудандық білім бөлімінің 

«Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»мемлекеттік коммуналдық мекемесі

(білім беру ұйымының атауы)



 Бекітемін:
 Мектеп директоры

Е.Жебегенов
 20___ж. "____"______

2021 - 2022 оқу жылының 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 

       2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы № 20317 болып тіркелді.

       Қазақстан Республикасы  білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының кешенді   бағдарламасы негізінде құрастырылған.

                                                                                                                                                                                       Педагогикалық кеңесте  қаралды

 Хаттама №1

                       2021 жылдың   31 тамыз


Тәрбие жұмысының жоспары

Мазмұны


1

Бағдарламалық іс-шаралар жоспарының төлқұжаты

2

Мақсаты және міндеттері

3

Іске асыру механизмі

4

Күтілетін нәтижелер

5

Білім беру ұйымдарында жүргізілген тәрбие жұмыстарының жай-күйінің талдауы

6

Білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басым бағыттарының іс-шаралары


Бағдарламалық іс-шаралар жоспарының

ТӨЛҚҰЖАТЫ


Атауы:

2021- 2022 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері іс-шаралар жоспары

Әзірлеу үшін негізі:


Қазақстан Республикасының Конституциясы

-

«Білім туралы» Қазақстан      Республикасының 2007 жылғы  27 шілдедегі  № 319 Заңы; 


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы  № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;  

-

«Бала құқықтары туралы» БҰҰ конвенциясы;

-

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі; 

-

Қазақстан       Республикасындағы   баланың          құқықтары      туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы; 

-

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-ІY Заңы; 

-

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының    2018 жылғы 02 шілдедегі №169VI Заңы; 

-

Қазақстан Республикасының «Азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Заңы

-

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы

-

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;  

-

ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері


-

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
 
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы

-


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген, 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шаралар жоспары;


-

2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығы

Негізгі әзірлеуші:



Мақсаты:

Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының бірыңғай жүйедегі жаңа бағыттағы жұмыстарын ұйымдастыру, алгоритмге сәйкес жұмыстар жүргізу

-

Білім беру ұйымдарында көшбасшылық қасиеттері бар, жаңа демократиялық қоғамда өзін-өзін басқару арқылы өмір сүруге қабілетті азаматтар және патриоттарды тәрбиелеуді іске асыру

-

Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар профилактикасының маңыздылығын арттыру

-

Отбасының тәрбиелік маңыздылығын арттыру




Міндеттері:

ҚР рәміздеріне құрметпен қастерлеуге дағдыландыру


-

Балалар мен оқушы жастардың ұлтаралық және этникалық мәдени қарым-қатынастарын жетілдіру

-

Есірткілер мен басқа да зиянды заттарды қабылдауды болдырмаудың алдын алудың жүйелі шараларын жетілдіру

-

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы діни сауаттылықты қалыптастырып, діни экстремизмнің алдын алу

-

Қосымша білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүдделі ұйымдар мен органдардың бірлескен жұмыстарын үйлестіру

-

Педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеру

-

Ата-аналардың білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысына қатысу құқығын жүзеге асыру, педагогтармен қарым-қатынастарының тиімді жүйесін қалыптастыру

-

Балалар қоғамдық бірлестіктерінің азаматтық және шығармашылық қызметтерінің әртүрлі үлгілерін жасау, балалар мен жасөспірімдердің бастамаларын дамыту және қолдау

-

Білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.

                                      Іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері


2019-2024  жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру бағытындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының бағдармалалық іс-шаралар жоспары Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін, Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттің жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуге негіз болады.

Тәрбие жүйесін бірыңғай іске асыруды қалыптастыру бағыттағы сабақтар,оқу пәндері, сабақтан тыс іс әрекеттер, қосымша білім беру арқылы іске асырылады

1

- Білім беру ұйымдарында баланың жеке дамуына, Отан мүддесін қорғау жөніндегі азаматтық борышы мен конституциялық міндеттерін орындауға дайындығын, жоғары патриоттық санасын, саяси және құқықтық мәдениетін, жеке рухани ізеттілік санасын қалыптастыру жөніндегі істерді үздіксіз диагностикалау арқылы ұйымдастыру;

-  Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке, мемлкеттік нышандар және Қазақстан Республикасының мемлекттік рәміздерін білуге арналған байқаулар өткізу;

- Мәдени мұра, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедицияларын, балалар мен жастар қозғалысының қызметін жүзеге асыру.

2

- Оқушының жеке даму диагностикасында заманның әлеуметтік-мәдени жағдайын, тәрбиенің жаңа құндылықтары негізінде педагоггикалық консилиумдер, ата-аналар институтын жандандыру;

- «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының тәрбиелік рөлін күшейту, қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асыру;

3

- Білім беру беруде, сабақтан тыс іс-әрекеттерге жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіру;

- «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, Қазақстан тарихын білу бойынша фестивальдер және байқаулар өткізу;

4

- Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата- аналар комитеті; репродуктив денсаулық орталықтары, мамандар кеңесін және бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу;

- «Өзін-өзі тану» бағдарламасы аясында ата-аналарды, мұғалімдерді оқыту, жасөспірімдердің жүріс-тұрыс мәдениеті туралы әңгімелесулер жүргізу,

- Оқушының жеке сананы қалыптастырудың белгілерін жасау.

5

- Адамгершілік-руханилықты, денсаулықты, жеке әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру үшін ұйымдастыру жағдайларын жасаудың шараларын кешенді іске асыру.

7

Балалардың балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктері арқылы өзін дамытуы мен өзіндік іс-қимылы мақсатындағы әрекеттерін дамыту және тәрбиеленушілердің әртүрлі шығармашылығын ұйымдастыру.

8

Адам құқығын, төзімділігін сыйлау принциптерінің негізінде демократиялық қоғам өіміріндегі білім мен дағды қажеттілігі, саясат пен құқық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі шаралар белсенділігін қалыптастыру.

9

Балалардың жоғары отансүйгіштік санасын қалыптастырудағы жүйелік пен мақсатты бағыттылығы үшін жағдайлар жасау.

10

Бала, педагог, ата-ана әлеуметтік серіктестігін құру. Бұл үштікте серіктестік қатынасты қалыптастыру. Балаларды тәрбиелеудегі бірлікті қамтамасыз ету.

11

Балалар мен оқушы жастар арасында әлеуметтік нашақорлық иммунитетін қалыптастыру мақсатында наша мен зиянды заттарды қолдануды болдырмаудың алдын алу шараларының жүйесін құру


Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:


1

Балалар мен оқушы жастардың жоғары адамгершілік руханилығы, мәдениеттілігі, өзін-өзі танушылығын, салауатты өмір салтын, шығармашылық қабілетінің іске асырушылығын қалыптастыру үшін тиімді тәрбие жүйесін жасау


2

Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылардың санын кеміту


3

Балалар мен оқушы жастар арасында есірткі және басқа да зиянды заттарды қабылдаушылардың санын төмендету.


4

Білім беру мен тәрбие процестерін жүзеге асыруда ата-аналарды бірлескен іс-қимылға тартуға қарастырылған тәрбие жүйесін дамыту.


5

Балаларға әлеуметтік психологиялық және құқықтық қызметтердің тиімді жолын құру



Бұйрығына 16-қосымша

Нысан





Тәрбие жұмысының бағыттары бойынша іс-шаралар жоспары


Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі


I. Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

1

Береке орта     мектебінің  сынып жетекшілігі туралы Нұсқаулықпен жұмыс

бұйрық

ТЖЖО

2021-2022 жж

2

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды ішкі тәртіп Ережесіне енгізу

бұйрық

ТЖЖО

2021-2022жж

3

 Сынып жетекшілер бірлестігінің қызметін ұйымдастыру

(тәрбие жұмыстарының қамтылуымен)

бұйрық

ТЖЖО

2120-2022 жж

4

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар қызметінің жұмыстарын үйлестіру

ереже

ТЖЖО

2021-2022 жж

5

Балалармен өткізілетін үйірме жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету

оқу

жоспары

Педагог - ұйымдастырушы

2021-2022 жж

6

Педагогикалық этика Ережелерінің басшылыққа алуды қамтамасыз ету

бұйрық

Мектеп әкімшілігі

2021 -2022 жж

7

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру

жоспар

АББ

2021-2022 жж

8

«Тәрбие және білім»  кіші бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету

жоспар

ТЖЖО, педагог - ұйымдастырушы

2021-2022 жж

9

Тәрбие жұмысын жүйелендіру мақсатында әдістемелік жинақтар дайындау

әдістемелік жинақ

ТЖЖО

2021-2022 жж

10

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулығын жасау. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының  жұмыстарын дамыту

әдістемелік жинақ,

жоспар

ТЖЖО, педагог - ұйымдастырушы

2021-2022 жж

11

Барлық білім беру ұйымдарында «Өзін өзі тану» бағдарламасы негізіндегі жұмыстарды қамтамасыз ету

жоспар


2021-2022 жж

ІІ. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету


1

2020-2021 жылдарға арналған тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша мектепішілік (конференция, жиын, т.б.) өткізу

жоспар

ТЖЖО, педагог - ұйымдастырушы


2

Балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің     әлеуметтік алдын алу, себептері мен жағдайларын жою, зорлық-зомбылық құрбандары болған балалар мен олардың отбасыларына медициналық, әлеуметтік, психологиялық көмек ұйымдастыру

зерделеу,

көмек

беру

ТЖЖО, сынып жетекшілері, ата-аналар комитеті, әлеуметтік педагог мен психолог, ИДН қызметкерлері,     педагог-ұйымдастырушы

2021-2022 жж.

3

Тәрбие жұмысын және қосымша білім беруді ұйымдастыру бойынша озық тәжірибе, креативті идеялар мен авторлық бағдарламаларды зерделеу, талдау және енгізу, әдістемелік кеңес отырыстарында тыңдау

электронды база

ТЖЖО

2021 -2022 ж.



ІII. Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар


Қыркүйек



«Қазақстан-дық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие»

1қыркүйек – Білім күніне арналған «Кел, балалар, оқылық!»  арналған салтанатты жиын. 2021 жылдың  1 қыркүйегінде              2-11-сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сынып сағаттары                                                                 тақырыбында республикалық                                                               жетістіктері»                                                                тақырыбында республикалық сынып сағаты, ашық сабақ өтеді.                                                               арналған                                                               «Тәуелсіздік                                                               жетістікт                                                               тақырыбында                                                               жылдығын                                                               арналға                                                               «Тәуелсіздік                                                               жетістіктері»                                                                                   тақырыбында республикалық сынып сағаты, ашық сабақ өтеді.        сынып сағаттарын өткізу


Қыркүйек



Салтанатты     жиын

Сынып сағаттары 


2021 жылғы 2 қыркүйек – «Бір тұтас ұлт – Бір тұтас әскер» әскери – патриоттық тәрбие бағдарламасы негізінде білім беру ұйымдарында санитарлық – эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, «Білім» күніне орай ерлік сабақтарын   өткізу


Қыркүйек


Мектеп әкімшілігі

Сынып  сағаттары


Қазақстан Республикасының Конститутциясына арналған «Ата заң алтын діңгегім» тақырыбында әдістемелік бұрыш ұйымдастыру

01-03.09.2021ж

Мектеп кітапханашысы

Көрме


Мектеп  жарғысы – мектеп  өмірінің  заңы. Оқушылардың  өз     міндеттері, құқықтарымен     таныстыру.

Ай сайын

Қыркүйек

Сынып жетекшілер

ТЖЖО

Педагог - ұйымдастырушы

Таныстырылымдар


«Қауіпсіз мектеп» акциясы  (1-11сыныптар)


09.09.2021ж

ТЖЖО

Акция


«Адал ұрпақ» клубына оқушыларды қабылдау

Ар-ожданды, жауапкершілікті, мейірімділікті, адалдықты, әділдікті насихаттайтын қойылым қою арқылы балалардың бойында жақсы қасиеттер қалыптастыру.

Қыркүйек

Педагог - ұйымдастырушы




Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және діни экстремизм мен терроизмнің алдын алу мақсатында құрылған ақпараттық- түсіндіру топтарының жұмысына белсенді жастарды тарту арқылы жұмыстар жүргізу


Тұрақты түрде


Дінтану пәні мұғалімі



Анықтама



«Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу жайында»     сауалнама жүргізу 

Қыркүйек

психолог

 Сауалнама 



II. Рухани-адамгершілік тәрбие

Балалар мен оқушы жастардың  рухани -  адамгершілік  тәрбиелеуде интерактивті  әдістер қолдану


Жыл бойы



Сын .жетекшілері

Тәрбиелік     шаралар



«Қоғамға қызмет» әлеуметтік еріктілер жобасын – «Мектепке жол», «Қамқорлық», «Мектепке жиналуға көмектес», «Адамға қуаныш сыйла» және т.б. акцияларды жүзеге асыру


Жыл бойы



Әлеуметтік педагог


Акция

Жеке жоспар, апталық



Кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін («Кітап оқу – сән») арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру 

Жыл бойы

Кітапханашы

 Жоба


Фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына; қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына; көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына; қазақ әдебиеттануы мен тіл білімінің негізін салушы, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына; Қазақ КСР Халық әртісі, қазақтың белгілі музыкатанушысы, композитор, дирижёр, ақын Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына; қазақтың белгілі лирик ақыны, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған бұқаралық іс-шаралар өткізу

Жыл бойы

ТЖЖО

Сынып жетекшілер

Іс шаралар 


III.Ұлттық тәрбие

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік   мерекелерге,  атаулы күндерге, оқу жылының  басталуы мен аяқталуына және өзге де мектепішілік іс-шараларды  өткізу  рәсімін     жасау.



Қыркүйек

мамыр




Мектеп әкімшілігі




Салтанатты жиын



IV.Отбасылық тәрбие

Мектепте қамқоршылық кеңестерін құру.

Ата-аналар жұртшылығы алдында қамқоршылық кеңестерінің жария есебін өткізу

Жалпы мектептішілік ата-аналар жиналысы. 


Қыркүйек

Сынып жетекшілері


Ата-аналарға жаднама тарату


«Ата-анамыздың жұмыс орнындағы он күн» жобасын жүзеге асыру 


Жыл бойы


Сынып жетекшілер

ТЖЖО

Жоба




«Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы» әр тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Сынып жетекшілер

Ашық есік күні



«Отбасым менің байлығым», «Менің отбасым» фото-коллаж ж/е бейнеролик конкурс

13 қыркүйек

Сынып жетекшілер

Байқау


V. Еңбек, экономика-лық  және экологиялық тәрбие

«Іскерлік қарым-қатынас этикасы» сынып сағаттары, «Жарнама жасау өнері» байқау, «ХХІ ғасыр менеджері», «Көшбасшы нені білуі керек?», «Кәсіпорындардағы қақтығыс жағдайларын шешу» рөлдік ойындары

Жыл бойы

ТЖЖО

Педагог – ұйымдастырушы

Сынып жетекшілер

Сынып сағаттар,рөлдік ойындар,байқаулар





VI. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Тіл мерекесіне байланысты «Тіл –әрбір  ұлттың     жаны» тақырыбында сыныптан тыс шара


5-22 қыркүйек


Қоғамдық  гуманитарлық пән бірлестігі


Апталық іс-шара



VII.Зияткер-лік тәрбие

Сынып белсенділерін сайлау, мектепшілік «Оқушылар  комитеті», «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдарын сайлау және тағайындау


Қыркүйек


ТЖЖО

Педагог - ұйымдастырушы


Сайлау




VIII.Дене тәрбиесі

«Дұрыс тамақтану-үздік білім алудың жолы!»

Қыркүйек


Сынып жетекшілер


Педагог - ұйымдастырушы


Тәрбие сағаты


«NO SMOKING DAY» шылым шегуге қарсы!  

Қыркүйек


Сынып жетекшілер


Педагог - ұйымдастырушы


Акция 



«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарлама-сын жүзеге асыру бойынша атқарылатын жұмыстар


«Эко-сақшы», «Таза өлке үшін», «Таза қала - жанға дауа», «Саябақтар шеруі» экологиялық акцияларын ұйымдастыру 


Жыл көлемінде


Сынып жетекшілер


Биология пәні мұғалімдері 

Экологиялық акциялар


Мектеп     кітапханасында өлкенің тарихына, көрнекті тұлғалардың өмірі мен еңбек жолына арналған көрмелер ұйымдастырып, өткізу. 


Тамыз- қыркүйек


Мектеп кітапханашысы


Көрме



Әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары

Тәрбие жұмыстарын жоспарлау жұмыстарына байланысты сынып жетекшілерге семинар өткізу.


31.08.2021ж


ТЖЖО


Хаттама


Сынып жетекшілердің тәрбие жоспарын тексеріп, мектеп директорының бекітуіне ұсыну

15.09.2021ж дейін

ТЖЖО


Хаттама


Мектептің     кезекшілік кестесін бекіту

04.09.2021ж

Педагог - ұйымдастырушы

Кесте


Мектепішілік  есепте тұратын оқушылардың есебін алу

14.09.2021ж

ТЖЖО Сынып жетекшілер 

Хаттама


Түнгі кезекшілікті ұйымдастыру

01.09.2021ж

Педагог – ұйымдастырушы,

ТЖЖО бақылауымен

Кесте


Қосымша білім беруді қадағалау

Үйірме, секциялардың жүйелі жүргізілуін бақылау

Үнемі

Педагог – ұйымдастырушы


Үйірмелер ашу


Қоғамдық ұйымдармен жүргізілетін жұмыстар

Оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымын құру, белсенділерін сайлау.  

15.09.2021 дейін

ТЖЖО,педагог – ұйымдастырушы








Ата –аналармен жұмыс










Жалпы  мектептің  ата -     аналар   жиналысы onlain

Күн тәртібінде:

1.Өткен  оқу  жылының     қорытындысы , жаңа оқу     жылының  міндеттері мен жоспары

2. Ата -  аналар  комитетінің     жаңа  құрамын  сайлау .

3. Мектептегі әлеуметтік көмектің берілуі:

-«Мектепке жол», «Қайырымдылық» акциялары;

-Жалпыға міндетті оқу қорынан бөлінетін қаржы есебінен берілетін көмек (оқу құралдар, киім)

4. Балалар өмірінің қауіпсіздігі «Қауіпсіз мектеп»  акциясының маңызы

5.      Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу.


6.Оқушылардың үйлеріне бару, ата–аналарымен әңгімелесу, тұрмысы ауыр, қолайсыз жанұяларды анықтау

7.Оқушылардың әлеуметтік паспортын жасау






Қыркүйек




Мектеп директоры

Ата-аналар

кеңесінің төрайымы

Әлеуметтік педагог

         ТЖЖО

Психолог, әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілер







№1 хаттама


Жетім және қамқоршы балалардың қамқоршыларымен сөйлесіп, баланың бос уақытында айналысатын жұмыстарымен танысу.

Оқушылардың отбасылық жағдайын талдау және мониторингін құру.


Қыркүйек


Әлеуметтік педагог



мониторингі құру


Барлық сыныптарда онлайн түрде оқушылар мен ата – аналар жиналысын өткізу.


01.09.2021дейін


Сынып жетекшілер

әлеуметтік педагог 


Хаттама


Жас Ұлан , Жас қыран ұйымы









«Жас Ұлан», «Жас қыран»ұйымының     белсенділерін тағайындау. Ұйымның атрибукасымен  таныстыру.

«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасын сайлау



Қыркүйек


Педагог - ұйымдастырушы

Ұйым мүшелері

Педагог - ұйымдастырушы


Белсенділерін  тағайындау

Ұланбасын сайлау

л


Оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымын құру, белсенділерін сайлау.  

Қыркүйек

ТЖЖО, Педагог - ұйымдастырушы


Отырыс


Әлеуметтік- психология-лық

қызмет жұмысы






Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасын жасау;

- жетім, жартылай жетім балалар тізімі;

- көп балалы отбасы балалар тізімі;

- аз қамтылған отбасы балалар тізімі;

- қолайсыз отбасы балалар тізімі;

- өгей әке, өгей ана отбасында тәрбиеленушілер тізімі;

-қиын отбасында тәрбиеленетін оқушылар тізімі;

- күнкөрісі төмен отбасы балалары




Қыркүйек



Әлеуметтік педагог




Тізімдер алу


«Мектепке жол» акциясы аясында жаңа оқу жылы қарсанында жүргізілген дайындық жұмыстарының қорытындысы

30.09.2021ж

Әлеуметтік педагог



Акция


Тәрбие ісін педагогика-лық мәліметтік методикалық жағынан қамту

Тәрбие тұжырымдамасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын т.б тәрбие жұмысына кіргізілетін бағдарламалар бойынша жұмыс жасап,жылдық жоспарға енгізу

Қыркүйек

ТЖЖО

Сынып жетекшілер, Мектеп кітапханашысы



Хаттама


Мектепішілік бақылау мен басқару

Құқықбұзушылық пен қадағалаусыздықтың  алдын алу комиссиясының  отырысы

Тұрмысы төмен және қолайсыз отбасы жайы туралы

03.09.2021ж


Мектеп     әкімшілігі


Хаттама


Мектепішілік есепте тұратын оқушылардың есебін алу

13.09.2021ж

ТЖЖО

Сынып жетекшілер

Тізім алу






Сынып жетекшілер бірлестігі жұмысын ұйымдастыру









№ 1 отырыс

Тақырыбы: «Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы»

1.2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы (Әдістемелік нұсқау хатын талдау). 

2.Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.

3.Жылдық тәрбие жұмысының жоспарын қарап бекіту.

4.Жас мамандарға тәлімгер ұстаздар тағайындап, жоспар құру.

5.Сынып жетекшісінің құжаттамалары.

Қыркүйек

ТЖЖО

Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі

Педагог – ұйымдастырушы

Сынып жетекшілер

Әлеуметтік педагог

Хаттама


Қазан


I.Қазақстан-дық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Құқықбұзушылықтың алдын алу

Ата-аналар мен 7-11 сынып оқушыларының қатысуында құқықбұзушылық профилактикасы, жыныстық қолсұғылмаушылық, ұлтаралық татулық, теріс ағымдарға өтудің алдын алу, бала еңбегінің қаналуын болдырмау алдын алу , бала еңбегін алдын алу тақырыбында кездесу өткізу (қашықтықтан)

Қазан

ЖПҚ ЮПТ УПИ инспекторлары, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, құқықтық кеңес

Хаттама



II.Рухани-адамгершілік тәрбие

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл толуына орай « Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында презентация байқауын ұйымдастыру

Қазан


Сынып жетекшілер

Байқау


Сынып жетекшілергім ашық тәрбие сағаттарын бөлу 

Жыл бойына

Сынып жетекшілерге

Үлгі тәрбие сабағы


«Ұлылықтың ұйытқысы ұстаз» сынып сағаттары

Өзін-өзі басқару ұйымы жоспарымен шаралар

Қазан

Педагог -ұйымдастырушы

Сынып сағаттары




III.Ұлттық тәрбие

«Қарты бардың қазынасы бар»

1 қазан- қарттар күніне арналған іс - шаралар



Қазан


Педагог – ұйымдастырушы

Сынып жетекшілер


Қайырымдылық-мәдени шаралары



IV.Отбасы тәрбиесі

«Берік отбасы есірткіден алыс!» акциясы



Қазан

ТЖЖО

Педагог – ұйымдастырушы


Облыстық,аудандық іс-шара


29 қазан «Қамқоршылар» күніне орай  іс-шаралар жоспарын құру

Қазан 

Әлеуметтік педагог

Іс-шаралар


«Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы» әр тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Сынып жетекшілер 

Ашық есік күні



Ата-аналар конференциясы: «2-4 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек»

Қазан 

Психолог 

Конференция


V. Еңбек, экономика-лық  және экологиялық тәрбие

«Қоқыссыз әлем», «Біз табиғатты қорғаймыз»  сынып сағаттарын өткізу /жеке жоспар бойынша/ 5 -11 сынып



    Әр ай сайын 

Сынып жетекшілер

Сынып сағаттары


VI.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие


«Әлемдік мәдениет – кітапта» 5-7 сыныптарда  лекция



Қазан

Кітапханашы

онлайн лекция


VII.Зияткер-лік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

 «Көшбасшылық қасиеттер арқылы оқушылардың өзін-өзі басқару құзыреттілігін жетілдіру»


Қазан

психолог


онлайн тренинг


VIII.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

«Дұрыс тамақта білеміз бе?» тақырыбында дәріс сабақтар өткізу




Қазан

Мектеп медбикесі

Дәріс сабақ


«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарлама-сын жүзеге асыру бойынша атқарылатын жұмыстар


«Туған жерге тағзым» жобасы аясында     «Туған жердің танымал тұлғалары»тақырыбында танымдық  сағатын онлайн ұйымдастыру





Қазан

Тарих, география пән мұғалімдері

Танымдық сағат


Әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары

Сыныптардағы спорт секциялары мен үйірмелерге қатысатын оқушылардың есебін алу

02.10.2021 ж дейін


ТЖЖО, педагог - ұйымдастырушы сынып     жетекшілер


Тізімдер алу


Оқушылардың күзгі каникулы күндерінің іс-шаралар жоспарын жасап және бекіту

Қазан

Педагог - ұйымдастырушы

Тәрбиелік     шара





Ата –аналармен жұмыс







8-11 сыныптар арасында «Кәмелетке толмағандар мен бала және ата-ана арасындағы тығыз қарым –қатынас» пікірлесу

Қазан

«Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелері, педагог - ұйымдастырушы 

Пікір талас


Ата –аналар конференциясы «5-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек»

Қазан 

Психолог 

Конференция


Аудандық ПБ-де есепте тұрған қолайсыз отбасы тізімінде тұрған ата-аналардың үй –жайына рейд жұмыстарын жүргізу

Қазан

Әлеуметтік педагог

Рейд жұмысы




Жас Ұлан , Жас қыран ұйымы





Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау.

Қатысу журналының жүргізілуін бақылау.

Қазан

Өзін-өзі басқару ұйымы,педагог - ұйымдастырушы



Әлеуметтік- психология-лық

қызмет жұмысы






«1-5 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты сынып жетекшілерге кеңес беру»


Қазан

Мектеп психологы

Дөңгелек үстел



Ата-аналар кеңесінің отырысын өткізу.

1. Мектепішілік есепке алынған  балалармен, олардың ата-аналарымен жұмыс




Қазан

Мектеп психологы

Кеңес отырысы

Хаттама


Тәрбие ісін педагогика-лық мәліметтік методикалық жағынан қамту

Оқушылардың сабаққа қатысу журналының жүргізілуін бақылау

Қазан

ТЖЖО



Тәрбие жұмыстарының нормативтік құжаттарын реттеу

19.10.2021 дейін

ТЖЖО



Сынып жетекшілердің тоқсандық қорытындыларын жинақтау



29.10.2021ж

ТЖЖО



Қараша


I.Қазақстан-дық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Балқаш АПБ-ның ЖПҚ  ЮПТ инспекторларымен   бірлескен құқықбұзушылықтың және діни-экстремизмнің алдын алу мақсатында сыныптарда түсінік жұмыстарын жүргізу.


Қараша 

5-11-сынып жетекшілері


Тәрбиелік     шара



«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс- шара

Сынып сағаттары

Қараша

«Балбөбек» шағын орталығы,МАД,                    1- 11 сыныптар

Сынып сағаттары



Тәуелсіз Қазақстанның           30 жылдығына «Қазақстан - алтын бесігім» тақырыбында қолөнер бұйымдарының көрмесі

Қараша

Сынып жетекшілер

Технология пәнінің мұғалімі

Көрме



II.Рухани-адамгершілік тәрбие

«Мектепте және отбасында  20 минуттық кітап оқуды» ұйымдастыру 

Жыл бойы

Кітапханашы 



Қазақтың аса көрнекті ағартушысы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына –  180 жыл толуына орай «Қазақтың дала жұлдызы» тақырыбында кітап көрмесі

Қараша 

Кітапханашы

Кітап көрмесі




III.Ұлттық тәрбие

«Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» жобасы аясында әлеуметтік ролик 

«Шеберлер қаласы» оқушылар қолынан шыққан  ұлттық бұйымдар көрмесі (қараша-желтоқсан) 


Қараша 

Технология пәні мұғалімі

көрме



IV.Отбасы тәрбиесі

«Жасөспірімдердің құқығы»  отбасындағы жасөспірімдер тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу

Қараша 

ТЖЖО

ашық баяндама


V. Еңбек, экономика-лық  және экологиялық тәрбие

Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл толуына орай «Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері» тақырыбында үлгі сынып сағаттарын өткізу 

Қараша 

Сынып жетекшілер

Сынып сағаттары


VI.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

«Күзгі көкеністегі ерекше бейне» фото

5 – 8 сыныптар

«Күзгі сән» табиғи заттардан  1 – 4 сыныптар

«Күз сыйы» табиғи бұй-ымдар, икебана, т.б. 9 – 11 сыныптар

Қараша

Педагог – ұйымдастырушы

Сынып жетекшілер

Байқау


VII.Зияткер-лік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

«Ата- мұрам – асыл қазынам» жобасы аясында»

«1 күн»     өнеге сабақ видеоролик

Қараша

Сынып жетекшілер

Саяхат сабақ






VIII.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

8-9 сынып оқушылары арасында қазақтың ұлттық ойындары бес асықтан турнир өткізу


Қараша

Дене шынықтыру пән мұғалімдері

турнир


1     желтоқсан - СПИД-ке қарсы күрес күніне байланысты іс –шаралар жоспарын жасап бекіту.

Қараша

ТЖЖО


Іс шаралар


«Жасөспірімнің денсаулық және өмірлік дағдыларын қалыптастыру бағдарламасы » 

Қараша 

Психолог


Дәріс сабақ


«Біз спортты сүйеміз» тақырыбында эстафеталық жарыс 5-6 сыныптар (каникул күндері)

Қараша

дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері

эстафеталық жарыс


«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарлама-сын жүзеге асыру бойынша атқарылатын жұмыстар


Көгалдандыру жұмыстары бойынша жарты жылда бір рет (көктемде және күзде)
 «Тал күні» жобасын ұйымдастыру

Қараша-наурыз-сәуір

Педагог – ұйымдастырушы 

Әлеуметтік жоба


«Ұлттық мұра – рухани мәдениет» жобасы аясында қазақтың көне ұлттық аспаптарын насихаттауға арналған танымдық сабақтар ұйымдастыру

Қараша

Музыка пәнінің мұғалімі

тәрбиелік іс-шаралар


Әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары

1желтоқсан Тұңғыш Президент күнінің іс-шара жоспарын бекіту

16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай іс-шаралар жоспарын бекіту

Қараша

ТЖЖО


Тәрбиелік     шара





Ата –аналармен жұмыс










Ата-аналар кеңесінің отырысын өткізу.

1. Мектепішілік есепке алынған  балалармен, олардың ата-аналарымен жұмыс

Қараша

Мектеп психологы

Хаттама


Ата-аналарды мектепішілік тәрбиелік шараларға қатыстыру (апта бойы)



Қараша



сынып жетекшілер



Ашық есік күні


Мектепішілік  ата – аналар жиналысы

Күн тәртібінде:

1. І оқу тоқсанының қорытындысы

2. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу.


Қараша

ТІЖО

Хаттама


Жас Ұлан , Жас қыран ұйымы




1желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын

Оқушыларды «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымына қабылдау

Қараша

«Жас Ұлан» ұйымы

Салтанатты жиын




9-11 сынып оқушыларымен мамандық таңдауға байланысты «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында түрлі мамандықтар туралы пікірлесу кеші


Қараша

«Жас Ұлан» ұйымы

пікірлесу кеші


Әлеуметтік- психология-лық

қызмет жұмысы






«Суицид сақшылары» ретінде мектеп мұғалімдерін оқыту

Қараша

психолог

кеңес беру




Оқушылардың  әлеуметтік ортасын (отбасы, әлеуметтік ортасы және қызығушылығы) диагностикалау және отбасын анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізу (8-11 сыныптар аралығында)

Қараша

Әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер, психолог

Зерттеу


Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың үйіне барып, тұрмыс жағдайларына бақылау жасау, зерттеу актілерін жүргізу;

Қараша

Әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер, психолог

Бақылау жұмысы


«Туберкулезге тосқауыл»

сыныптар арасында

Қараша

Әлеуметтік педагог

Акция


Тәрбие ісін педагогика-лық мәліметтік методикалық жағынан қамту

Сынып жетекшілерінің тоқсандық жұмыстарына талдау жасау


Қараша

ТЖЖО

мониторинг


Мектепішілік бақылау мен басқару


 Сыныптардағы тәрбие жұмысының жүргізілуі


Тоқсан сайын

ТЖЖО

Талдау,

мониторинг


Оқушылардың сабаққа қатысуын, айлық қорытындысын шығару

Қараша

ТЖЖО

Талдау,

мониторинг





Сынып жетекшілер бірлестігі жұмысын ұйымдастыру




№ 2 отырыс

Тақырыбы: «Тәрбие жүйесін ұйымдастырудың тиімді әдістері»

1. Тәрбие жүйесі, сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдісі ретінде.2. Сыныптың тәрбие жүйесі. Оқушылардың іс-әрекет түрлері.3. Сынып жетекшілерінің өз білімін көтеру бағытында әдістемелік басылымдарға мақала таратуларын ұйымдастыру.4. Мектепішілік шаралардың, сынып сағаттарының,  үйірме және секция жұмыстарының сапасы.

Қараша

ТЖЖО

Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі

Педагог – ұйымдастырушы

Сынып жетекшілер


Хаттама



 
 

Желтоқсан


I.Қазақстан-дық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

«Тәуелсіздікке тарту» атты тәуелсіздік күніне байланысты мерекелік кеш өткізу




Желтоқсан

ТЖЖО

мерекелік кеш



II.Рухани-адамгершілік тәрбие

«Біз біргеміз!» тренингі             1 сынып

Желтоқсан 

Психолог


тренинг


III.Ұлттық тәрбие

«Ұлттық тәрбие – ұлттық рухтың негізі» тақырыбында  жоғары сынып оқушыларымен ашық пікірталас


Желтоқсан


С.Аманова



ашық пікірталас




IV.Отбасы тәрбиесі

«Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас» психологиялық тренинг

Желтоқсан

Мектеп     психологы

Тренинг


«Өзара қарым-қатынас жасау мәдениеті» тақырыбында on-line режимде қоғамдық тыңдаулар

Желтоқсан

Мектеп психологы

Оn-line режимде қоғамдық тыңдаулар


V. Еңбек, экономика-лық  және экологиялық тәрбие

«Мамандықтың бәрі жақсы» жобасы                                        9-11 сынып оқушыларымен мамандық таңдауға байланысты «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында қашықтан түрлі мамандықтар туралы пікірлесу кеші


Желтоқсан

9 – 11 сынып жетекшілері

Кездесу кеші


VI.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

«Сатылмайтын еңбек » адал ұрпақ ерікті клуб мүшелері арасында суреттер байқауын ұйымдастыру

Желтоқсан

Педагог - ұйымдастырушы

Сурет байқауы


«Ел рәміздері – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі»


Желтоқсан

«Адал ұрпақ» еріктілер клубы

Зияткерлік сайыс


VII.Зияткер-лік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

«Туған жерді таны» тарихи танымдық сағаты

Желтоқсан

тәлімгер

Танымдық ойын





VIII.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

«1 – желтоқсан Дүние жүзілік СПИД – ке қарсы күніне» байланысты «ЖИТС – қауіпті дерт» атты тақырыпта жазба жұмыстарын алу, тәрбие сағаттарын өткізу.


Желтоқсан

ТЖЖО, сынып жетекшілері

Тәрбиелік     шара


«Жасөспірімнің денсаулық және өмірлік     дағдыларын қалыптастыру бағдарламасы»

Желтоқсан 

Психолог


Дәріс сабақ





Әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары


«Желбіресін Тәуелсіздік байрағы» Ел Тәуелсіздіктің 30 жылдығына  орай көрме

Желтоқсан

Мектеп кітапханашысы


Кітап көрмесі


Сынып жетекшілерден оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін алу

Желтоқсан

Сынып жетекшілер бірлестігінің  жетекшісі

Хаттама


Оқушылардың қысқы демалыс күндерінің іс-шаралар жоспарын жасап бекіту

Желтоқсан

ТЖЖО

Тәрбиелік     шара


Құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы

Желтоқсан

Кеңес мүшелері

хаттама





Ата –аналармен жұмыс







«Отбасындағы кикілжіңнің балаларға әсері»

Желтоқсан

Психолог

Дәріс


Ерекше назарда ұсталатын, мектепшілік есепте тұратын оқушылардың ата-аналарымен пікірлесу.



Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі

пікірлесу

хаттама


Жаңа жылдық ертеңгілікке ата – аналарды қатыстыру


Сынып жетекшілер


Тәрбиелік     шара




Жас Ұлан , Жас қыран ұйымы


«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақанышымыз»  сайыс .

Желтоқсан

5 – 6 сынып

Жас ұландары

сайыс


Әлеуметтік- психология-лық

қызмет жұмысы






Мектептерге арналған жасөспірімдік суицидтердің профилактикалық бағдарламасы  бойынша  анықталған оқушылармен жұмыс жүргізу

Желтоқсан

Мектеп психологы

профилактика



Зорлық-зомбылық пен қатыгез қараудың қатері бар жайсыз, қиын жағдайда өмір сүретін отбасыларды профилактикалық бақылауға алу


Желтоқсан

Әлеуметтік педагог

профилактика


Тәрбие ісін педагогика-лық мәліметтік методикалық жағынан қамту

Пән үйірмелерінің жұмысынның жүргізілу барысын тексеру

Желтоқсан

ТЖЖО,педагог - ұйымдастырушы



1-4 сынып жетекшілерінің тәрбие сағаттарына қатысу

Желтоқсан

ТЖЖО






Мектепішілік бақылау мен басқару

І жарты жылдықтың қорытындысы бойынша барлық 1-11 сынып оқушыларының күнделіктерінің тексерілуіне мониторинг жасау


22.12.2021ж

ТЖЖО

мониторинг