"Отбасы- бақыт мекені" » Береке орта мектебі
"Алматы облысы
,білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27)73-96-5-29
Есепші бөлімі:
+7(27)73-96-5-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
сентябрь
2022

"Отбасы- бақыт мекені"

Бекітемін:

Мектеп  директоры:                    Е.Жебегенов


Қыркүйек айының 20-24 аралығында өткізілетін республикалық

«Отбасы - бақыт мекені» атты апталығының

Жоспары.

Іс-шара атауы 

Өткізу  формасы

Мерзімі

Қатысушылар

Жауаптылар

1

«Отбасы-бақыт мекені» апталығының ашылуы

жиын

20.09.22

Ата-аналар,ұстаздар

оқушылар

ДТІЖО

2

«Отбасы-өмірдің мәні»

баяндама

20.09.22

9-10-11 сыныптар

С.Көпенбаева

3

«Менің бақытты жанұям»


Сурет көрмесі

21.09.22

5-6-7 сыныптар

Ф.Базарбаева

4

«Құрмет –берік отбасының негізі»

Ашық сабақ

21.09.22



3сынып

Ә.Қамзабекова

5

Ата-ананы құрметтеу,

адамзаттың борышы.

кездесу

22.09.22

Ата-аналар қауымдастығының төрайымы


6

«Дені саудың –жаны сау»

Спорттық отбасылық эстафета

22.09.22



5-9 сыныптар

Б.Үйсінбай

7

«Жанұясыз адам-бұл тамырсыз,сабақсыз,

Жапырақсыз және жеміссіз ағаш»

трениг

23.09.22

Ата-аналар

Психолог

8

«Шығармашыл отбасы»

Әдеби поэзиялық кеш.

24.09.22



Ата-аналар

оқушылар

Пед ұйымд.





Дайындаған ДТІЖО:                           Г.Тынышбайқызы













2022 жылғы  20-24 қыркүйек  аралығында

«Отбасы –бақыт мекені» атты  республикалық апталықтың

        өткізілгені туралы  мәлімет.


         Апталықтың жоспары бойынша 20.09.2022 ж күні ДТІЖО  Г.Тынышбайқызы ұстаздар, ата-аналар, және оқушылардың қатысумен апталықтың ашылуын жариялап, жиын өткізді. 9-сынып жетекшісі С.Көпенбаева «Отбасы-өмірдің мәні» тақырыбында баяндама оқыды. Жоғары сынып оқушылары баяндама мәтіні бойынша өз ойларын ортаға салды. Барлық бала өз отбасымен мақтанады және отбасы өмір қуаты екенін баяндама барысында айтып өтті.    

          5,6,7 сыныптар арасында бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Ф.Базарбаева «Менің бақытты жанұям» тақырыбында  сурет көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар отбасының ең бақытты сәттерін параққа түсіріп,  отбасы мүшелерінің көңілді бейнелерін суреттеді.

            Апталық жоспарының мерзімі бойынша 3-сыныпта «Құрмет-берік отбасының негізі» тақырыбында ашық сабақты сынып жетекшісі Ә.Қамзабекова өтті. Тақырып аясында көптеген тақпақтар айтылып отбасының тіректері ата-анаға ,әжеге  аға –бауырға  арналған ізгі тілектері оқушылар айтып өтті.

           Мектебімізде  ата-аналар қауымдастығының төрайымы Венера Жуманазарова сайланған.  Қыркүйектің 8 күні  11- сынып оқушыларымен кездесуге келіп, өзінің отбасындағы  тәрбие жөніндегі насихат әңгімелерін айтты. Дене шынықтыру  пәнінің Б.Үйсінбай 7 сынып оқушыларының ата-аналарымен бірге «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында отбасылық спорттық эстафеталық ойындар өткізді. Оқушылар ата-аналарымен бірдей сайысып, спорттық ойындардың денсаулыққа жақсы әсері бар екендігін мұғалім өз сайысының мақсаты етіп алғандығы айқын көрініп тұрды. «Отбасы- бақыт мекені» апталығы  психологиялық тренингпен жалғасты. Ата –аналар мектепке келіп «Жанұясыз адам – бұл тамырсыз, сабақсыз, жапырақсыз және жеміссіз ағаш» атты тренингті Т.Аманжолқызының басқаруымен өткізілді. Ата-аналар өз ойларын психологпен бөлісіп, тренингтен жақсы әсер алғандарын  айтты. Апталықтың қорытынды күні мектебіміздің сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі А.Мазакова және музыка пәні мұғалімі Қ.Мұратов пен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Базарбаевтың ұйымдастыруымен «Шығармашыл отбасы» тақырыбында әдеби -поэзиялық  кеш өткізді.  Кештің бағдарламасы бойынша оқушы ата-анасымен қатысты. Кеш барысында қатысқан ата-аналар мен оқушылар мәнерлеп оқу, әндер айтып, «Отбасы- бақыт мекені» тақырыбында эссе жазды. Кештің соңына қарай жеңімпаз болған отбасы «Шығармашыл отбасы » номинациясына ие болды. Республикалық  «Отбасы- бақыт мекені»  апталығы мектептегі тәрбие бағытының «Ата-аналар мен балалардың  бірлескен »  қызметі саласы бойынша зор үлесін тигізді.

          Алдағы уақытта отбасылық тәрбиені жандандыру  мақсатында   бағытқа сәйкес түрлі іс-шаралар өткіземіз деп жоспарлаудамыз.





 Дайындаған ДТІЖО:                           Г.Тынышбайқызы