"Қамқоршылық кеңес" отырысының хаттамасы » Береке орта мектебі
"Алматы облысы
,білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27)73-96-5-29
Есепші бөлімі:
+7(27)73-96-5-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қамқоршылық кеңес" отырысының хаттамасы
29
август
2022

"Қамқоршылық кеңес" отырысының хаттамасы

«Береке орта мектебі  «Қамқоршылық кеңес» отырысының

ХАТТАМАСЫ  №1

Өтілген күні: 29.08.2022 ж.

Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, ата-аналар, жергілікті мекеме қызметкерлері

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
  2. «Қамқоршылық кеңестің» мүшелерін сайлау

Тыңдалды: 

Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры Е.Жебегенов сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 27.07.2017 жылғы №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережемен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік , бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды. 

  1. Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
  2. Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту. 
  3. Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
  4. Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
  5. Мектептің білім берушілік, қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.
  6. ҚМ берілген қаражаттай және заттай бюджеттік қаржыны тиімді және анық пайдалану үшін механизм құру.
  7. Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
  8. Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

       Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына , сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.

  1. Тыңдалды: 2-мәселе
  2. ә) Сөйледі:

Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған ата-аналар комитетінің төрайымы В.Жуманазарова Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті.

      Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды.

Қамқоршылық кеңес төрағасы:    Мақсұмов Ясым

Қамқоршылық кеңес төрайымының орынбасары: Омарбекова Кенжекүл

Хатшы: Үсенбаева Арайлым

Қамқоршылық кеңестің мүшелері:

  1. Сағымбеков Аният Бақытжанұлы
  2. Қалиев Мұстафа
  3. Жуманазарова Венера
  4. Абжанова Гүлдана
  5. Асқанбай Райымқұл
  6. Сонабаев Дархан



Шешімі:

  1. Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес Береке орта мектебінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.
  2. Қамқоршылық кеңес құрамын ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын.



Қамқоршылық кеңес төрағасы:           Я.Мақсұмов

          Хатшы:        Үсенбаева Арайлым




«Береке орта мектебі  МДШО» мкм-гі 

«Қамқоршылық» кеңесінің  мүшелері

2022-2023 оқу жылы


Қамқоршылық кеңес төрағасы:Мақсұмов Ясым

Қамқоршылық кеңес төрайымының

 орынбасары:                                    Омарбекова Кенжекүл


Хатшы:                                               Үсенбаева Арайлым

Қамқоршылық кеңестің мүшелері:

  1. Сағымбеков Аният Бақытжанұлы

2. Қалиев Мұстафа

3. Жуманазарова Венера

4. Абжанова Гүлдана

5. Асқанбай Райымқұл

6. Сонабаев Дархан