Ата-аналар жиналысының хаттамасы №2 » Береке орта мектебі
"Алматы облысы
,білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27)73-96-5-29
Есепші бөлімі:
+7(27)73-96-5-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
октябрь
2021

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №2

                            Ата-аналар жиналысының хаттамасы №2

Өткізілген күні: 28.10.2021 ж.
 Өтілетін орны: «Береке орта мектебі   МДШО» мкм
 Басталуы:14 .00 – де
 Мектеп директоры: Е.Жебегенов
 ДОІЖО – Г.Алимова
 ДТІЖО – Г.тынышбайқызы
 Ата-аналар комитетінің төрайымы- Г.Абжанова
 Әлеуметтік педагог- А.Оразалина
 Қатысушылар: ата – аналар - 110 , сынып жетекшілер - 11
 Өткізілу форматы: жалпы ата – аналар жиналысы

Күн тәртібінде қаралған мәселе:

 І. оқу тоқсанының қорытындысы

2. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу.

3. Әртүрлі мәселелер.

Тыңдалды:

    Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша   педагог-ұйымдастырушы М.Сарсекова хабарлама жасады. Ол өз сөзінде І тоқсанда атқарылған   жұмыстардың өтілуі, ондағы жеткен жетістіктер мен  алдағы уақытта  кеткен кемшіліктер бойынша түзету жұмыстарын жүргізу керектігін, шараларға  кейбір сыныптардың белсенділік танытпайтындығын, өзін-өзі басқару ұйым мүшелерінің мектепішілік шараларға ат салысуларының орташа деңгейде екендігін айтып өтті. Сонымен қатар  сабаққа кешігушілік көп орын алып жүргендігін айтты.

     Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Тынышбайқызы   хабарлама жасады. Ол өз сөзінде мектепте жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шара жоспары жасалынып сол бойынша   бірқатар шаралар өткендігін айтты. 2 қыркүйек – «Бір тұтас ұлт – Бір тұтас әскер» әскери – патриоттық тәрбие бағдарламасы негізінде білім беру ұйымдарында санитарлық – эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, «Білім» күніне орай ерлік сабақтары    өткізілгендігін, мектеп кітапханашысының жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Конститутциясына арналған «Ата заң алтын діңгегім» тақырыбында әдістемелік бұрыш ұйымдастырылғандығын,   сынып жетекшілердің мектеп   жарғысы – мектеп  өмірінің  заңы. Оқушылардың  өз   міндеттері, құқықтарымен   таныстырғандығын, ар-ожданды, жауапкершілікті, мейірімділікті, адалдықты, әділдікті насихаттайтын қойылым қою арқылы балалардың бойында жақсы қасиеттер қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» клубына оқушыларды қабылдау жиыны өткендігін,  мектеп психологы жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу жайында»  сауалнама жүргізгендігін  айтып өтті.





    Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата-аналарға оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды. Оқулықтарды таза ұстау, қаптап, күнделіктерін толытырып жүру тапсырылды.

Шешім:

1. І-тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.

2. І-тоқсан қорытындысы бойынша оқу үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналарына үйдегі уақытта балаларының сабақтарын қадағалау жүктелсін.

3. Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне жүктелсін.


Отырыс төрайымы:  Г.Абжанова
 
 Хатшы:  Ж.Сансызбай