«Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не?» » Береке орта мектебі
"Алматы облысы
,білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27)73-96-5-29
Есепші бөлімі:
+7(27)73-96-5-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не?»
16
ноябрь
2021

«Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не?»

«Береке орта мектебі МДШО» мкм

9-11 сынып оқушыларымен 

психологиялық алдын алу 

жұмысы өткізілді.


АНЫҚТАМА

Күні: қараша 2021

Қатысушылар: 9-11 сынып

Қатысқаны: 30 оқушы

Қатыспағаны: 1 себепті (Серікбай С)

Тақырыбы: «Буллинг және кибербулинг дегеніміз не?» 

Мақсаты: Мектеп оқушылары арасында бір-бірінің ізіне түсудің алдын алу, баланың күйзеліс жағдайы мен агрессия кезінде өзін-өзі ұстай білуіне көмектесу.

Нәтижесі: Оқушыларға «Буллинг және кибербулинг дегеніміз не?» тақырыбында презентация ұсынылды. Кибербуллинг немесе киберқорқыту – бұл компьютерлерді, ұялы телефондарды, смартфондарды немесе кез-келген басқа технологияларды өзге адамның жанын ауырту немесе оны ұялту мақсатында әлденеше рет қолданып қорқыту. Мен кибербуллинг құрбанымын ба? Қалжыңды келемежден   қалай ажыратуға болады? Сұрақтарына жауаптар алынып, кеңестер берілді. Егер мені біреу онлайн қорқытып жатса, кімге айтуым керек және айту неге маңызды? Осы сұрақ жауап аясында оқушыларға жадынамалар таратылып берілді.

Қорытынды: Оқушылар өз ойларымен бөлісті. Жалпы оқушылар достық қарым-қатынаста, ауызбіршілікті екендіктерін айтып өтті.