8-сынып оқушыларымен «Мен өмірде қандай жетістікке жете аламын?». » Береке орта мектебі
"Алматы облысы
,білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27)73-96-5-29
Есепші бөлімі:
+7(27)73-96-5-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 8-сынып оқушыларымен «Мен өмірде қандай жетістікке жете аламын?».
25
ноябрь
2021

8-сынып оқушыларымен «Мен өмірде қандай жетістікке жете аламын?».

Хаттама

Күні: қараша

Сынып: 8 

Қатысқан оқушылар саны: 24

Қатыспаған:2 оқушы (себепті) 

Тақырыбы: «Мен өмірде қандай жетістікке жете аламын?».

МақсатыБалалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, адамгершілік қасиетін жоғарылату. Өмірде өз орындарын дұрыс табуға көмектесу.

  1. Тренинг барысында  « Мен кіммін, қандаймын » әдісі арқылы әр қатысушы өздерінің бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерін жазды. 
  2. «Менің жан жақты ерекшеліктерім» жаттығуында оқушылар өз мінезін айтып, сынып оқушылары талдады. Бойындағы ерекше қасиеттерін айтты. Тренингте белсенділік көрсеткен Айшуақ, Нұрай , Арайлым, Әнел болды.
  3. «Сымсыз телефон» барлық балалар шеңбер бойында тұрып бірінші тұрған оқушыға құлағына сыбырлап әр түрлі сөздер айтты. Ол оқушы әрі қарай келесі оқушыға естігенін  айтады, ең соңғы қалған  оқушы естігенін дауыстап айтты. Ойын бірнеше рет жалғасты. Оқушылардың көңілдері көтеріліп қалды. 



Қорытынды: Тренинг уақыты 40 минут болды. Барлық оқушылар белсенді қатысты. 

 Оқушылар тренинг соңында өз ойларымен бөлісті. Оқушылардың ұсыныстары алдағы уақытта: махаббат, достық, әдепті сөйлеу, қызықты ойындар тақырыптарында тренинг өтсе екен деген өтініш білдірді.