9-сынып оқушыларымен психологиялық жаттығу » Береке орта мектебі
"Алматы облысы
,білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27)73-96-5-29
Есепші бөлімі:
+7(27)73-96-5-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 9-сынып оқушыларымен психологиялық жаттығу
21
октябрь
2021

9-сынып оқушыларымен психологиялық жаттығу

«Береке орта мектебі МДШО» мкм

9-сынып оқушыларымен

тренингтік жаттығулар өткізілді.


А н ы қ т а м а 


Өткізілген күні:  қазан 2021

Қатысушылар: 9-сынып оқушылары

Тақырыбы: «9 сыныптың оқушыларына психологиялық тренинг»

Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету.

Қатысқаны:18

Қатыспағаны:2  Серікбай С, Манат А себепті.


Нәтижесі: Ең алдымен оқушыларға  тренингтің барысы мен мақсаты таныстырылды. «Есімдер аллитерациясы» жаттығуында әр оқушы өз отбасындағы адамдардың  бір еркелеткен сөзін еске түсіріп  өз есіміне бір жағымды қасиетін  қосып шеңбер бойымен айтып шықты. Жаттығу балаларға ұнады. Оқушыларға  мамандық таңдауда ұстанатын ережелер айтылды. Оқушылар арасында ережелер туралы пікір алмасу жүргізілді. «Ең-ең...» ойыны арқылы оқушылар 3 топқа тренингтің басында бөлініп отырды. Әр топқа парақшалар таратылды. Ол парақшаларда мына жазулар бойынша  ең ақшалы мамандықтар, ең таза мамандықтар, ең көңілді мамандықтар   деп жазылған карточкалар таратылды. Топтың ішінде ақылдасып мамандықтардың тізімін құрып, топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шықты. Оқушылар белсене қатысты .«Мамандықты тап» ойынында қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылды, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетті. Қалғандыр мамандықты тауып айтты. Ойын қызықты өтті. «Мейірімділік алаңы» жаттығуында қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер таратылды. Гүлдерге – оқушыларға, күннің шуақтарына - ұстаздерға арналған кәсіби бағдар таңдауда ұсыныстар жазылды және де ақ ватманға бекітілді. «Бос микрофон» жаттығуында еркін түрде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір бөлісті. Тренинг барысында айта алмай қалған ойларын айтып ортаға салды.

     Қорытынды:  Оқушылар белсене қатысып, кері байланыс арқылы өздерінің сезімімен және әсерімен бөлісті. Бір-біріне жақсы тілектер айтты. 


Педагог-психолог:               Аманжолқызы Т.