Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау » Береке орта мектебі
"Алматы облысы
,білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27)73-96-5-29
Есепші бөлімі:
+7(27)73-96-5-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау
22
январь
2022

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау

«Алматы облысы білім басқармасының                                                                       Балқаш ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің 

 «Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен » мемлекеттік коммуналдық мекемесі

директордың тәрбие  ісі  жөніндегі орынбасары

қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау


Т.А.Ә.                  Тынышбайқызы Гауһар


Лауазымы: «Алматы облысы білім басқармасының  Балқаш ауданы бойынша                                                                 мемлекеттік  мекемесінің   «Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен » мемлекеттік коммуналдық мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Жалпы еңбек өтілі:  15 жыл


Басшы орынбасары ретіндегі еңбек өтілі:  4  жыл

Гауһар Тынышбайқызы еңбек жолын 2007  жылдан бастап Береке орта мектебінде іс жүргізуші болып бастап, аталған жылдың қараша айынан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі болып жұмыс атқарады, мұғалімнің іскерлігін ескере отырып мектеп ұжымы 2018 жылы тәрбие жұмысының орынбасары етіп ұсынды.   Қазіргі таңда Береке орта мектебінде, директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары  болып еңбек етуде. 

  Гауһар Тынышбайқызы  өз жұмысында төменде көрсетілген екі көрсеткіштің орындалуын қамтамасыз етеді.

Тәрбие жұмысы  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани адамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «15» сәуір №145 бұйрығымен «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»  баұдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері   бекітілген білім беру  ұйымдарында оқыту  процесінің тәрбиелік құрамдасын  күшейту   жөніндегі үлгілік кешенді   жоспарды басшылыққа ала  отырып, мектептің  тәрбие  жұмысының   жоспары  жасалынып, жүргізіледі; мектептің даму бағытын, ерекшеліктерін, педагогтардың мүмкіндігін, оқушылардың тәрбиелік деңгейін негізге ала отырып, тәрбие жұмысының жүйесін жасап қалыптастыру; сынып, үйірме жетекшілерінің, психологтың, тәлімгердің тәрбиелік іс- әрекетін жаңа модель тұрғысына бейімдеу, бақылау жасау; тәрбие үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар бағдарламасын, ағымдағы және алдағы тәрбие үдерісін жоспарлау, тәрбие іс-шараларының кестесін  жасау; 





тәрбие саласындағы озат тәжірибені зерттеп, жинақтау, тарату, тәрбие ісіне барлық   жұртшылықты тарту; гуманистік тәрбиенің ғылыми – тұжырымдамалық негіздеріне, тәрбие процесінің технологиясына сүйене отырып, мектеп оқушыларының тәрбие бағдарламасын  жасау; мектептегі сыныптан тыс іс- шараларға қатысу; тәрбие жұмысына байланысты белгіленген есептің, өтілген іс- шаралар жоспарының дер кезінде  дайын болуын қамтамасыз ету; тәрбие саласына жауапты мамандар туралы, тәрбие саласын дамыту жолдары, тәрбие ісінде озық үлгілер көрсеткен мұғалімдерді марапаттау, өз ісіне салғырт қарағандарға шара қолдану туралы ұсыныс жасау.

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктеріне басшылық;

патриоттық-елжандылық, саяси –құқықтық, рухани адамгершілік тәрбиесі; 

еңбек тәрбиесі,отбасы,ұлттық  және кәсіптік бағдар жұмыстары; 

балалардың тұрғылықты жерлері бойынша жұмыс және қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау;

мектеп баспасы, көрмелер, мектеп қызметкерлері мен оқушылардың баспасөзге жазылуы;

оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі; 

тұрмысы төмен отбасы оқушыларының тегін киіммен қамтамасыз етілуі; 

кітапханамен жұмыс;


Мектепте қосымша тыс клубтар жұмыс жасайды:

 « Жалын» ұлдар клубы-53%

«Парасат» дебаттық клубы – 30%

 «Талшын» қыздар клубы-55%

«Жас полиция» көмекшісі-40%

 «Адал ұрпақ» клубы-40%

«Жол сақшылары»-26%

«Жас ұлан, Жас қыран» -80%


Мектепте жұмыс жасайтын жобалар атауы:

«Ата-ана жұмысындағы 1 күн» жобасы-34%

 «Оқуға құштар мектеп» жобасы-50%

 «Дәстүр мен ғұрып» жобасы-55%

«100 кітап» жобасы-50%


Оқушыларды тәрбиелеуде бірігіп жұмыс істеу үшін, мектеп пен мектептен тыс мекемелердің, кәсіпорындардың, шығармашылық ұжымдармен байланысты нығайту;

үйірмелер, клубтар және балалар бірлестігінің іс - әрекеттерін реттеу, үйлестіру, оның жұмысын насихаттау;

жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында оның жанұясымен байланысты қамтамасыз ету;

мектепте сыныптан тыс іс – шараларға қатысу;

педкеңеске тәрбие жұмысы  туралы ұсыныс жасау;



тәрбие жұмысына байланысты белгіленген есептің, өтілген іс – шаралар жоспарының дер кезінде дайын болуын қамтамасыз ету;

тәрбие саласына жауапты мамандар туралы, тәрбие саласын дамыту жолдары, тәрбие ісінде озық үлгілер көрсеткен мұғалімдерді марапаттау, өз ісіне салғырт қарағандарға шара қолдану туралы ұсыныс жасау;

патриоттық-елжандылық, саяси-құқықтық, рухани адамгершілік тәрбиесі бойынша жұмыстартың   жүргізілу сапасын бақылау;


Мектеп бойынша  соңғы   3 жылдағы  тәрбие  жұмысының   динамикасы  төмендегідей, соның ішінде :

Сынып жетекшілер саны:

2019-2020  оқу жылы-   11 сынып жетекші 

2020-2021  оқу жылы-   11 сынып жетекші

2021-2022   оқу жылы-  1 сынып жетекші

Соның ішінде:

Педагог-шебер-0

Педагог-зерттеуші-1

Педагог-сарапшы - 4

Педагог-модератор -4 


Алдыңғы жылмен салыстыру бойынша қосымша білім берумен қамтылған оқушылар мен тәрбиеленушілердің өсу динамикасы:

2019-2020 оқу жылы-182 оқушы (86%)

2020-2021 оқу жылы-181 оқушы (94%)

2021-2022 оқу жылы- 179 оқушы (86%)


Мектеп бойынша соңғы 3 жылдағы сабаққа қатысу   динамикасы төмендегідей:

2019-2020 оқу жылы-98%

2020-2021 оқу жылы-98%

2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсаны  - 99%

Балалардың үйірме жұмыстарына қатысуы:

2 – сынып «Ұлттық ойындар»

3 – сынып «Футбол ойындар»

4 – сынып «Күрес»

5-сынып «Бейнелеу өнері»

6-сынып   «Табиғи материалдар»

7-сынып «Шебер қолдар»

8-сынып «Экология биология»

9-сынып   «Волейбол» 

10-11 сыныптарда оқушылардың бейімделуіне байланысты «Тілдік» бағыты төртеу, «Туристік - өлкетану» бағытта төрт үйірмелер қарастырылған.

Қамтылуы: 

2019-2020 оқу жылы-100%

2020-2021 оқу жылы-100%

2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсаны  - 100%



Мектепішілік есепте тұратын мектеп оқушылары:

2019-2020 оқу жылы- 0 %

2020-2021 оқу жылы- 0 %

2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсаны  - 0 


Қатер  тобында тіркелген балалар тізімі:

2019-2020 оқу жылы- 0 %

2020-2021 оқу жылы- 0 %

2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсаны  - 0 % 

АІІБ-нің есебінде тіркелген сәтсіз отбасы балалар тізімі:

2019-2020 оқу жылы- 0 %

2020-2021 оқу жылы- 0 %

2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсаны  - 0 % 

Хиджаб киетін оқушылар туралы мәлімет:

2019-2020 оқу жылы- 0 %

2020-2021 оқу жылы- 0 %

2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсаны  - 0 % 

Орамал тағатын оқушылар туралы мәлімет:

2019-2020 оқу жылы- 0 %

2020-2021 оқу жылы- 0 %

2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсаны  - 0 % 

Түрлі жалған діни ағымдарға тартылған оқушылар туралы мәлімет:

2019-2020 оқу жылы- 0 %

2020-2021 оқу жылы- 0 %

2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсаны  - 0 % 

Діни ағымдардың өкілі болып табылатын мұғалімдер туралы мәлімет:

2019-2020 оқу жылы- 0 %

2020-2021 оқу жылы- 0 %

2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсаны  - 0 % 

Тұл жетім оқушы:  

2019-2020 оқу жылы- 1 %

2020-2021 оқу жылы- 1 %

2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсаны  - 2 %  (4 оқушы)

Жартылай жетім оқушы:

2019-2020 оқу жылы- 4 % ( 7 оқушы)

2020-2021 оқу жылы- 4 %

2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсаны  - 4 % 

Оқушылардың тәрбиелік деңгейі

2019-2020 оқу жылы-100%

2020-2021 оқу жылы- 100%

2021-2022 оқу жылы- 100%

Ата-аналардың тәрбие процесіне қамтылуы

2019-2020 оқу жылы

1-4 сыныптарда-80%-90%, 5-9 сыныптарда 80%-90%, 10-11 сыныптарда 80%-90%

2020-2021 оқу жылы

1-4 сыныптарда-100%, 5-9 сыныптарда 70%-90%, 10-11 сыныптарда 70%-90%



2021-2022 оқу жылы- 1-4 сыныптарда-80%-90% 5-9 сыныптарда 70%-90%, 10-11 сыныптарда 70%-95%


Облыстық іс-шараларға қатысуы

2019-2020 оқу жылы- 3 оқушы

2020-2021 оқу жылы- 2  оқушы 

2021-2022 оқу жылы – 1 оқушы  

Аудандық іс-шараларға қатысуы

2019-2010 оқу жылы- 20 оқушы

2020-2021 оқу жылы- 30 оқушы 

2021-2022 оқу жылы- 35  оқушы  

Алдын –алу жұмыстары

1.Құқықбұзушылықтың алдын-алу

2.Діни экстремизмге қарсы күрес

3.Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын-алу

4.Ерте жүктіліктің алдын –алу

5.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

6.Балалардың еңбегін пайдаланудың алдын-алу

7.Жолда жүру ережелерінің түсіндіру жұмыстары

Әр алдын алу жұмыстары әр айға жоспарланады.Оның орындалуы:

2019-2020 оқу жылы-72 іс-шара- 100% орындалды

2020-2021 оқу жылы-72 іс-шара -100%

2021-2022 оқу жылы (ІІ тоқсанында)-36 іс-шара-50 %


Сынып жетекшілер жетістігі:

Бейбітова Г.Б – Облыстық «Тәуелсіз елдің ұрпағымын» телеэссе байқауының ІІ орын иегері 2021ж.

А.Мазакова – аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы.  2021 ж

Дулатова Д.Р – аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты. 25.05.2019ж

П.Молдажанова – аудан әкімінің Алғыс хаты. 10.10.2019ж

Шаршамасова А – аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы. 25.05.2021ж

Г.Бейбітова, Г.Исаева, Л.Әлпиянов, Т.Аманжолқызы, А.Оразалина- Бейсен Құранбек атындағы олимпиада аясында өткен «Mi  Battele» интеллектуалды ойынының  Алғыс хат  иегерлері. 04.11.2021ж  № 003646.

А.Көпенбаева - аудандық «Үздік сынып жетекші-2019» байқауының ІІ орын жеңімпазы. №003 2019 жыл

Г.Байғараева - аудандық «Үздік сынып жетекші-2020» байқауының ІІ орын жеңімпазы. 

Т.Аманжолқызы – аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен  өткен ҚР-ның Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесі қарсаңында   «Тәуелсіздік құрдастары» фестивалінің   ІІ орын жеңімпазы. 2021 ж,  № 42

П.Молдажанова, Ә.Қамзабекова, Г.Тынышбайқызы, Д.Дулатовалар – «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне өткізілген «Тәуелсіздік Тірегім- Теберігім» атты өнер фестивалінің Құрмет дипломымен марапатталды. 2021 ж




Дулатова Д.Р – 2021ж Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі «Бейбітшілік әлемі» Құрмет дипломымен марапатталған.

         Тәрбие жұмысы  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, руханиадамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «15» сәуір №145 бұйрығымен «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»  баұдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері басшылыққа ала  отырып, мектептің  тәрбие   жұмысының  жоспары  жасалынып, бекітілді.

Береке  орта   мектебінде 1-11 сынып аралығында 11 сынып комплектісі бар, барлығы 179 бала оқиды,  мектепалды даярлық сыныбы- 1 . Сынып жетекшілердің сапалық құрамы мектеп директорымен бекітілді. Сынып жетекшілердің барлығы жоғары білімді, бекітілген   жылдық тәрбие  жоспары  бойынша жұмыстарын  атқарды. Өткен оқу жылында өткізілген шаралардың барлығы «Құндылық негіздері Мәңгілік Ел идеясы жобасын іске асыру»,«Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру» мақаласы аясында өткізілді.  Сыныптан   тыс  іс-шараларды  ұйымдастыру және  өткізу,директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасарының   жетекшілігімен,  мұғалімнің   көмегімен  жүзеге  асырылып,   оқушы  тұлғасын  дамытуға   бағытталды.Тәрбие жұмысын тиімділікпен ұйымдастыру мақсатында сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігі құрылды. Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің  жоспары  бойынша   ай  сайын  бірлестік   отырыстары өткізіліп, әдістемелік   көмек  көрсетіліп, педагогикалық  шеберлікті көтеру әдістері  жетілдірілді.

Оқу   жылының  басында 2020-2021 жылы  атқарылған жұмыстарға талдау  жасау   арқылы жаңа  оқу  жылына   міндеттер  айқындалды, ұйымдастыру  шаралары  іске асты. Сынып  жетекшілер   тағайындалды, оқушылардың  және ата-аналардың  әлеуметтік  жағдайы   туралы мәліметтер  жиналды, тәрбие  жоспарының  бағыттары   белгіленді,сынып  бөлмелері  бекітіліп   белгіленді.Сонымен  қатар тәрбиелік  іс-шараларға бақылау-басшылық  жасау іске асты. Сынып арасындағы  рейтинг  жүргізіліп, нәтижесінде  жақсы   деңгейде  жұмыс атқарған  сыныптар анықталды.  Сынып   жетекшілердің  жылдық тәрбие  жұмыстары   бойынша  есебі тыңдалды.

Мектеп   және  сынып  жетекшілердің тәрбие  жұмыстары   төмендегі  бағыттарды қамтыды.

1.Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу.

2. Рухани - танымдық тәрбие 

3. Ұлттық  тәрбие

4. Отбасылық  тәрбие

5. Еңбек, экономикалық  және экологиялық  тәрбие

6. Көпмәдениетті  және  көркемэстетикалық  тәрбие

7. Зияткерлік  тәрбие, ақпараттық  мәдениетті  тәрбиелеу

8. Дене  тәрбиесі, салауатты  өмір салты

     Мектепішілік бақылаудың мақсаттарына сәйкес білім беру мекемесі 



қызметін жетілдіру, мұғалімдердің тәрбие барысында шеберлігін арттыру, мектептегі тәрбие беру сапасын жақсарту жұмыстарын жақсы жолға қойған. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде мұғалімдерге   оқушыларды  оқыту  мен   тәрбиелеуде, оларды шығармашылық   әрекетке  баулуда  тәрбие   беру   саласындағы  жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені  зерттеп,  жинақтап, таратуда, кәсіби  біліктілігі мен теориялық  білім   деңгейін  көтеру  ісінде   нақты  ғылыми-әдістемелік  көмек   көрсету жұмыстарын дұрыс жолға қойған.   



Жетекшілік ететін бағыт бойынша жұмыс тәжірибесі   таратылған:


Г.Тынышбайқызы – «Ізденіс» Республикалық педагогикалық ғылыми әдістемелік журнал (мақала  «Қашықтан   оқытуда бағалауды ұйымдастыру») №10 (107) қазан 2020 жыл.

А.Мазакова – Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Жаңартылған бағдарлама: ізденіс және тәжірибе» 2019 жыл

А.Мазақова – ҚР КҒА 27 облыстық ғылыми-практикалық конференциясының доклад тезистері 2018 жыл

П.Молдажанова – Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал «Бастауыш сыныпта оқыту мен   тәрбие ісі».  «Біздің Елбасы»- тәрбие сағаты   № 7-8/ 2018ж 

П. Молдажанова – республикалық Білім жолы журналы. «Әдептілік- тәрбие діңгегі» 29.04.2021. № SOOO51


2018 жылы Балқаш аудандық Ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция тобының учаскелік полиция инспекторының ұйымдастыруымен өткізілген «Ювеналды жас полиция көмекшілері» байқауында алғыс хатпен марапатталған.  

2018 жылы SERPIN ұлттық білім және инновация палатасы BILGEN ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ақыл ойды дамыту орталығы  BILGEN   ұлттық авторлық методика және бағалау орталығы «Білім беру саласын дамыту мен жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін шыңдау және ғылыми ізденіске құлшынысын арттырғаны үшін»  оқушылар І,ІІ,ІІІ орындармен марапатталды. 

2019 жылы Мемлекеттік  рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау бағытындағы жұмыстарды жалпы орта білім беру жолында жандандыруға ат салысқаны үшін» Құрмет грамотасымен  марапатталған.  

2019 жылы Біліктілік санаттарын Құрмет грамотасымен  марапатталды беру (растау) бойынша аттестаттау комиссиясының   шешімімен    «Балқаш аудандық  білім бөлімі» ММ бөлімінің 2019 жылғы «30» шілдедегі № 145 бұйрығына сәйкес  «Педагог-сарапшы» лауазымы бойынша біліктілік санаты берілді.

2019 жылы  Республикалық   ғылыми-әдістемелік педагогикалық мерзімді баспасөз басылымы «Білім әлемі» ұйымдастырған  «Бүгінгі таңдағы жаңа білім берудің мәселелері мен   болашағы» атты  конференцияда баспа бетінде «Үздік сабақ » көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.



2020 жылы  2020-2021 оқу жылындағы ерекше жетістігі, ел ертеңі жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп, жаңартылған  білім мазмұны бойынша мақаласын жоғары деңгейде дайындағаны үшін марапатталды.

2020 жылы  «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен   ұлы Абайдың  175  жылдығы құрметіне өткізілген  «Үкілі үміт» атты халықаралық өнер фестивалінің жеңімпазын дайындағаны үшін марапатталды.

2020 жылы Аудандық  білім бөлімінің Құрмет грамотасымен  марапатталды.

2021 жылы Аудан мектептері арасында   балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және сауықтыруды ұйымдастыру мақсатында «Мектеп балаларына- жаздық қуаныш сыйлайық!» тақырыбында өткізілген «Біздің ауылдың көшелері» атты челенджінің ІІ орын иегері.

2021 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық  қазақ творчестволық бірлестігі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне өткізілген «Тәуелсіздік Тірегім-Теберігім» атты өнер фестивалі мен   ғылыми конференцияға шәкірттерін қатыстыруда белсенділік танытқаны үшін Құрмет дипломымен  марапатталды.

2021 жылы  «Білім және жаңа инновациялық  технологиялар орталығы» ұйымдастырған «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің  басым бағыттары аясында  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың жұмысын ұйымдастырудың жаңа талаптары» тақырыбында өткен білім жетілдіру курстарында көрсеткен белсенділігі үшін Алғыс хатпен  марапатталды.

2021 жылы Аудандық тамыз кеңесінде «Білім беру тұжырымдамасына сай тәрбие бағыттарын дамытып, кешенді жоспар құруды жүйелі ұйымдастыру»  тақырыбында іс тәжірибесін таратты.




Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                               Г.Тынышбайқызы