І жарты жылдық есеп » Береке орта мектебі
"Алматы облысы
,білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27)73-96-5-29
Есепші бөлімі:
+7(27)73-96-5-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
декабрь
2021

І жарты жылдық есеп

«Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде психологиялық қызметтің  2021-2022 оқу  жылындағы     І жарты жылдықта атқарылған жұмыстардың  есебі.


Мақсаты:

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау. Орта білім беру ұйымдарында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал жасау және білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызмет 5 бағыт бойынша жүзеге асырылады.

1. Психодиагностика

2. Кеңес беру жұмысы.

3. Ағартушылық және психопрофилактикалык қызметі.

4. Дамыту және түзету жұмыстары.

5. Әлеуметтік-диспетчерлік жұмыс.


Негізгі  міндеттер:

  1. Бейімдеу 1,5,10 сынып
  2. Ата-анамен жұмыс
  3. Педагогикалық ұжыммен жүргізілетін жұмыс
  4. 11-сынып бітіруші түлектермен психологиялық дайындық жұмыстары
  5. Жамандықтың алдын алу шаралары.
  6. Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс
  7. Оқушылармен жүргізілетін жұмыс.
  8. Бейінді оқытуға дайындық жұмыстары
  9. Құқық бұзушылықтың алдын алу

1.Бірінші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі

      Жаңа оқу жылдарында біздің жұмысымыз бірінші сынып оқушыларының  оқуға дайындығын анықтауға арналған «Керн – Йерасек» тестінен  басталды.   Мақсаты-оқушылардың мектепке психологиялық дайындығы мен мектеп өміріне бейімделуін, оқушылардың оқуға дайындықтарын анықтау. 2021 жылдың қыркүйек айының 20-ы күні педагогика-психологияға бағытталған «Керн-Йирасек» психодиагностикалық жұмысы жүргізілді. 1 сыныпта  16 оқушы оқиды. Барлық оқушы сынақтан өтті. Сынақ қорытындысы бойынша оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін төмендегі кестеден байқауға болады.

Жүргізілген жұмыстың сипаттамасы: Бұл тест 3 тапсырмадан тұрады.

  1. Ер адамның тұлғасын салу
  2. Жазба әріптерін сал және көшіру
  3. Нүктелер тобын салу


Аты-жөні, тегі

3-6 ұпай ортадан жоғары

7-12 ұпай орташа

13-15 ұпай нормадан төмен

1

Диханбай Ә

Бақыт Е

Абзалұлы С

Нұржан А

Серікқызы А

Сапарбек З

3

3

5

6

6

6



2

Дәулетұлы Ә

Бұйраш Д

Амангелді Б

Қуатбек М

Омар Е

Баянғали Н

Азаматұлы А

Данышпанқызы А


7

8

8

8

9

11

11

12


3

Мәулен С



13

Жалпы саны-16

Қатысқан оқушылардың саны-16

Жоғары-6

Орташа-9

Төмен -1


       Қорытынды: Берілген 3 тапсырма бойынша орташа оқушылар өз бетінше белсенділік көрсете алмайды.Берілген тапсырманы қабылдауы орташа.3-6 ұпай жинаған 6 оқушының оқуға дайындығы жоғары деңгейде. Нормадан төмен 1 оқушы анықталды Мәулен С. Аталған оқушы өз бетінше белсенділік көрсете алмайды.Берілген тапсырманы қабылдай алмады, сөзді көшіре алмаған, зейін қоюы нашар. Зерттеу қорытындысы сынып жетекшілері мен ата-аналарына таныстырылып, төмендегідей ұсыныс берілді.

    «Жануарлар мектебі» проективті әдістемесі алынды. Мақсаты:Мектепке оқушылардың бейімделуін диагностикалау. Қатысқаны: 14. Қатыспағаны: 2. Оқушылардың мектепке бейімделуі жақсы, нормаға сай. Жалпы сынып оқушыларының бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы. Орташа деңгейде 2 оқушы Азаматұлы А, Баянғали Н. Зерттеу нәтижесінің қорытындысына байланысты   оқушыға және ата-анасына баланың мектепке бейімделуіне кеңестер беріліп, түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. «Графикалық диктант» әдістемесі, «Отбасы сүреті»   әдістемесі алынды. Мақсаты: Оқушылардың отбасындағы рөлі мен қарым-қатынасын анықтау. Оқушыларға жеке-жеке қорытынды шығарылып, анықтамасы жазылды.

       Психокоррекциялық түзету, дамыту  бағыты бойынша 1-сынып оқушыларының білімін жетілдіру мақсатында мынадай міндеттер қойылды. Мектептегі оқуға дайындығының төмен деңгейлері себептерін анықтап, түзету. Кейбір оқушылардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оларды болдырмау мен жеңудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану. «Танымдық жаттығулар» өткізілді.

1-сынып   жетекшілеріне  психологпен  бірлесе   дамыту  және  түзету   жұмыстарын  жүргізу  ата-анамен   ағарту  жұмыстары  жүргізілу   қажеттігі,  ол  жұмыстардың   нәтижесін  үнемі  талдап,   назарда  ұстау  қажеттігі   ескертілді. «Танысу»  психологиялық жаттығуы жүргізілді.  «Есті   дамыту  және  тәрбиелеуге»   арналған  әдістемелер, жаттығулар  жүргізілді. «Балаңыз мектепке дайын ба?» 1-сынып  ата-анаға кеңес беріліп, 1-сынып ата-аналарына психологиялық көмек көрсетілді.

      Қорыта келе,  бастауыш сыныптан орта буынға көшу балалық шақтың аяқталуымен сай келеді. Тәжірибе көрсеткендей бұндай кезеңді көптеген балалар өз өмірлеріндегі ең негізгі кезең деп қабылдайды. Олар өздерінің «кіші сыныптағы оқушымын» деп санамайды, және бұл кезеңді мақтан тұтады.

        2-4 сынып оқушыларымен «Мектепте маған не ұнайды?» сауалнама алынды.  4-сынып оқушыларын ОЖСБ бойынша кеңес берілді. 2-4  сынып оқушыларының таным процесстерін анықтау үшін тест алынды. 3-сынып оқушыларынан «Логикалық ойлауды зерттеу» , «Өзін-өзі бағалау» сауалнамалары алынды.

         

2. Бесінші сынып оқушыларын орта буынға бейімделу жұмыстары

         Ең алдымен 5-сыныппен танысып, оқушыларды пән мұғалімдерімен таныстырып, кабинеттердің орналасуы, топта бірігіп жұмыс істеу туралы мағлұмат берілді. Оқушылардың бейімделуін қадағалау, өзіне ,пәнге деген көзқарасын анықтау мақсатында  «Пәндерге көзқарасын анықтау» , «Бейімделу», «Лусканов бойынша оқушылардың  оқу мотивациясын анықтау сауалнамалары алынды.

         Бесінші сыныпта 21 оқушы бар. Былтырғы төртінші сыныптағы жетекшісі Асқанбай Ғ. Қазіргі сынып жетекшісі Көпенбаева А.

І.Психодиагностикалық жұмыстар:

       Сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін, оқушының әлеуметтік статусын зерттеуге социометрия әдісі қолданылды. Социометриалық талдау барысында сыныпта жұлдыз оқушы Серікбай Т. Сараптама нәтижесі бойынша оқшау қалған бір оқушы Айқынұлы Н.  Елеусіз және оқшау қалған балалармен түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді .


3










 


                                                                                               Жұлдыз оқушы







1,6,8,9,10,11,12,13,14,15,17,

19,20,21

                                                                                                          Елеусіз  балалар 

4


                               16,2,7,5




18




 Орташа

                                                                                                                                              

                                                                                                                 Оқшау қалған балалар


                                                                                                                                              


                                                                                                                                              



  «Мектепке қарым-қатынасым» сауалнамасы алынды.Мақсаты: 5-сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық диагностикасын анықтау, олардың кіші буыннан орта буынға өтуін бағалау.Қатысқаны: 21 оқушы.

Бағалау нәтижесі және қорытындысы:

 

Әдістеме арқылы көрсетілген қорытындылар көрсеткіші оқушылардың көңіл-күйіне де байланысты болады. Зерттеу жұмысының қорытындысы сынып жетекшілері мен ата-аналарына таныстырылды.

 «Бейімделу» сауалнамасы алынды. 

Нәтижені өңдеу:  

Мектепке қандай көңіл-күймен келесің?

Сабақ оқымағандықтан, сабаққа қорқып келемін-4-20%

Ықыласпен келемін-16-80%

Мектепке келген кезде өзің қандай сезімде боласың?

Қуаныш сезіммен-20-, Шаршаған-1, Сенімді-19, Сенімсіз-1, Қорқыныш сезімі жоқ, жайбарақат-20.

Жақсы оқуға не кедергі?

Пәнге қызығушылығым жоқ-3-15%

Жалқаулық- 3-15%

Отбасы мәселесі-4-20%

Жақсы көретін пәнің?

Ұнайды                              Ұнамайды

Орыс тілі-12                      8

Қазақ тілі-20                      

Матем-16                           4

Дене -20

Қазақстан тарихы-11        9

Ағылшын-1                       12

Осы сыныпта оқығаныңды жолыңның болғаны деп ойлайсың ба?

Әрине, иә -100 %

Қорытынды: 

       Оқушылар мектепке жақсы қуаныш сезіммен келеді.Қорқыныш сезімі жоқ. Сабақ оқуға жалқаулық кедергі деп жауап берген. Ең басты нәрсе отбасы, достық, денсаулық. Сынып жетекшімен қақтығыстар болмаған. Оқушылардың жауаптары бойынша  сынып арасында оқушылар өзара тату, сынып өздеріне ұнайды, ұйымшыл, достары көп, тәртіпті, ақылды ақкөңіл, мейірімді, өте жақсы деген жауаптар жазылған.Сынып жетекшілері, пән мұғалімдеріне деген ойлары  мейірімді, ақкөңіл, сабырлы, сабақты жақсы түсіндіреді.Мектепке, мұғалімдерге көзқарастары жақсы.

 

5-сынып оқушыларының   темперамент типі

Сыныбы

Холерик (ыстыққанды)

Сангвиник

(жеңілқанды)

Флегматик

(суыққанды)

Меланхолик

(аырқанды)

1

5-сынып

3

8

9

0


Барлығы

3

8

9

0


 


Сауалнама қорытындысы бойынша оқушыларда жағымды сезімдермен қоса шаршау, қорқыныш, қобалжу сияқты жағымсыз сезімдерді бастан кешірген.  Сол себепті «Кел, танысайық» , «Мен 5-сыныпта оқимын», «Мектеп өмірінің ережесі» психологиялық жаттығулар жүргізілді. Пән мұғалімдерімен және орта буындағы сыныпта қажет қасиеттермен таныстыру мақсатында оқушыларға кеңес берілді. «Кіші буыннан орта буынға өтудегі бейімділік», «Біз -5 сынып оқушысының ата-анасымыз» тақырыбында кеңес берілді.

Түзету-дамыту бағыты бойынша  «Қарым-қатынас мәдениетін түзету-дамыту», «Қорқыныш пен өз-өзіне сенімсіздікті басуға арналған жаттығулар» өткізілді.

        5-сынып оқушыларының сабақтарына қатысып, оқушылармен ауызша әңгімелесу жүргізілді. Мақсаты:  оқушы мен мұғалім қарым-қатынасын анықтау, оқушылардың сыныпқа бейімделуін қадағалау.

Нәтижесі: Оқушылардың көңіл-күйлері жақсы, бейімделуден өткен.Жаңа режимге түгелдей үйренгендігі анықталды. Оқушылардың сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің еркін қарым-қатынасқа түсе алады. Бірақ оқу жүктемесі бойынша үлгере алмайтын 1 оқушы анықталды. Олар: Айқынұлы Н. Сынып жетекшілеріне ескертілді. 

3.Ата-аналармен жұмыс

Психологиялық диагностика

«Сіздің балаңыздың қызығушылығы» 1- сынып оқушыларының ата-аналарынан анкеталық сұрақтар алынды. Сауалнамаға 12 ата-ана қатысты. Мақсаты: Оқушылардың мектеп өміріне бейімделуін байқау. Ата-аналарға «Сіз және балаларыңыз бір-біріңізді түсіне аласыздар ма?» 9 сұрақтан құралған сауалнама таратылды. «Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнамасы алынды.

11-сынып бітіруші түлектермен психологиялық дайындық жұмыстары. 

          11-сынып бітіруші түлектермен дайындық кезеңінде оқушылардың өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау дағдысын оқыту, өзіне сенімділігін арттыру мақсатында практикалық сабақтар өткізуді жоспарладым. Мақсаты: Бірыңғай ұлттық тестке дайындық кезеңге оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін; өзін-өзі реттеуін; өзін-өзі бақылау дағдысын оқытуын; сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.

Психологиялық диагностика бағыты бойынша қыркүйек айында  «Дж.Голланд» атты сауалнама жүргіздім. Мақсаты- оқушыларды мамандық таңдауға бейімдеу. Зерттеу жұмысына оқушылар толық қатысты. Дж.Голландтың кәсіптік тұлға түрін анықтау әдістемесі бойынша мамандық таңдауларының нәтижесі. 

Нәтижені өңдеу:  

Оқушылардың аты-жөні

Тұлға типтері

1

Ерланқызы М

Реалистік тип. «Ер адам» типі. Эмоциялық тұрақтылығы жоғары,заманына қарай бейімделе біледі.Ептілікті талап ететін,үнемі қозғалыста болатын кәсіппен айналысқанды жөн деп есептейді.Міндеті нақты бір кәсіпті:механик,жүргізуші,инженер,агроном т.б. мамандықтарды ұнатады.   

2


Интеллектуалдық тип. Интеллектуалдық шығармашылық міндеттерді шешуге бейім. Ғылыми тұрғыда мамандықты таңдайды.Қызметтің мына түрлерін ұнатады:математика,география,геология,шығармашылық кәсіптер.

3

Қайшыбай А

Қуаныш А.

Ермек Д

Әлеуметтік тип.Айрықша әлеуметтік ептілігі бар,айналасындағыларға тәуелсіз,жағдайға тез бейімделгіш,сезімтал.Ұнататын қызмет саласы: психология,медицина,педагогика.   .


Қорытынды: Оқушылардың реалистік типі бойынша 1 оқушы -25%, әлеуметтік тип 3 оқушы-75 % көрсетті.

     Қорытынды:     Тіркеу қағазындағы әрбір бағана бойынша белгіленген жауаптар саны есептеліп шығарылды. Ең жоғарғы ұпай саны көп бағана айқындалып сол арқылы алынған нәтижеге талдау жасалды. Дж. Голланд жіктеуі бойынша мінез-құлық пен оған сәйкес мамандықтарды анықтап, 3 оқушы өз қалаған мамандыққа икемділігі бар екені анықталды. Ал 1 оқушы ауызша сөзді көп талап етпейтін, моторлық қабілеті мол,сызбалар оқу сияқты жұмыстар жанына жағады. Қазан айында   «Сенің кәсіби ой-ниетің» атты сауалнама жүргіздім.Мақсаты: Оқушылардың кәсіби ой-ниетін анықтау. Оқушылардан алынған сауална­маның нәтижесі:   Қорытынды: Аз ғана хабардармын-84%, хабарым жоқ- 16%. Қараша айында «Табандылықты зерттеу» сауалнамасы жүргізілді.   Нәтижесінде: оқушылар мақсатым айқын, енді сол мақсат- арманыма жету үшін дайындалып жатырмын, сенімдімін   секілді жауаптар жазылған.


          Психокоррекция бағыты бойынша «Жетістікке бес қадам», «Күн нұрындағы менің суретім»,   «Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?», Сенім өлшемі» тақырыбында   психологиялық жаттығулар жүргізілді. Тренинг мақсаты: Мектеп түлектерінің  дайынды­ғын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға, адал болуға психоло­гиялық көмек көрсете отырып, бой­ларына сенімділік ұялату, жол таңдай білуге үйрету.

Жамандықтың алдын алу шаралары.

Диагностикалық бағыт бойынша жоспарға сәйкес қыркүйек айында 8-сынып оқушыларымен эмоционалдық жағдайын мен агрессияны анықтау мақсатында кактус әдістемесі алынды. «Үй-ағаш-адам» 5-6 сынып аралығында сурет салынды. Нәтижесі: Оқушылардың мінез-құлқында ауытқушылықтар жоқ. Өздігінен шешім қабылдай алады. 7 бала үшін қауіпсіздік бірінші орында, ал қалғаны үшін өмірлік энергия өте маңызды. Шешім қабылдай алады. Өте уайымшыл, тұйық балалар да бар. Психологиялық жылулық жетіспейді. Ата-анасына тәуелді. барлық жерде активті. Адамның көңілін көтере білу қабілеті бар. Мақсатқа бағыттылық, өз тәртібіне сәйкес жүру секілді жақсы қасеттері байқалады. 3-4 сынып оқушыларынан «Жаңбыр астындағы адам» проективті әдістемесі алынды.

Қазан айында 8-11 сыныптар арасында өмірге құштарлығын, өмір сүйгіштігін және аутоагрессияға бейімділігін анықтау мақсатында  «Суицидке бейімділікті анықтау» сауалнамасы алынды. Оқушылардың өмірге деген көзқарасы жақсы.

Барлығы: 58 оқушы.Қатысқаны: 58


Көрсеткіштік кесте

Деңгейлері

«Шынайылық»

«Депрессия»

«Невротизация»

«Қарым-қатынас»

Жоғары деңгей

41

70 %

0

 %

Бар

-

31

53 %

Орташа деңгей

12

20 %

7

13 %

Жоқ

100%

27

47 %

Төмен деңгей

5

%

51

87 %



0

3%


ҚорытындыКөрсеткіштік кестеге қарасақ, шынайылық шкаласы бойынша сыныптың 70%-ы жоғары деңгейді, 20%-ы орташа деңгейді көрсетіп отыр.  Төмен деңгей 8%.  Мәселен, оқушыларымыз толық ашылды демесек те, олардың басым бөлігі шынайы жауап беруге ұмытылғандары. Депрессивтілік жағдайыдың орташа деңгейін  сыныптың 13% және төмен деңгейін 87%-ы көрсетіп отыр. Невротикалық жағдай ешбір оқушыда жоқ. Ал қарым-қатынасқа тез түсе алатын оқушылар  сыныптың 53%-ын құрайды, сыныптың 47%, яғни қалған басым бөлігі  қарым-қатынасқа орташа деңгейде түсе алады. Сыныпта қарым-қатынасқа аса тез түсе алмайтын, яғни төмен деңгейді көрсетіп отырған  оқушылар жоқ.

Түзету-дамыту бағыты бойынша 8-11 сынып «Мен өмірді таңдаймын» психологиялық жаттығуы өткізілді. 5-7 сыныппен    «Өмірге күлімсіре!» жаттығуы. «Қолымнан келеді» видероликтер көрсетілді. Тренинг барысында оқушыларға презентация көрсетілді. Презентацияда бірнеше сұрақтар қойылды. «Өмірдің мәні не?», «Дұрыс өмір сүру үшін не істеу қажет?», «Арман, мақсат дегенді қалай түсінесің?» оқушылар сұрақтарға толық, белсенді жауап берді.


Психологиялық кеңес беру бағыты бойынша «Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не?», «Бала мінез-құлқының бұзылу себептері» ата-аналарға және сынып жетекшілерге кеңестер беріліп отырды. Психологиялық алдын алу және ағарту бағыты бойынша «Агрессивті мінез-құлықтың алдын алу» ата-аналармен дәріс, «Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез–құлықтың себептері және болдырмау жолдары» педагогтармен шағын дәріс өткізілді.  

9-сынып оқушыларымен жұмыс.

Қыркүйек айында «Тұлға типтерін анықтау»  Дж. Голланд сауалнамасы алынды.Мақсаты: Оқушылардың кәсіби бағытын анықтау.

Қатысқаны: 20

Нәтижені өңдеу:  

Оқушылардың аты-жөні

Тұлға типтері

1

Сапарбек А

Бейсенбай А

Түленбай Қ

Дустматов М

Реалистік тип. «Ер адам» типі. Эмоциялық тұрақтылығы жоғары,заманына қарай бейімделе біледі.Ептілікті талап ететін,үнемі қозғалыста болатын кәсіппен айналысқанды жөн деп есептейді.Міндеті нақты бір кәсіпті:механик,жүргізуші,инженер,агроном т.б. мамандықтарды ұнатады.   

2

Шаңлақбай Ж.

Ерденбек М

Интеллектуалдық тип. Интеллектуалдық шығармашылық міндеттерді шешуге бейім. Ғылыми тұрғыда мамандықты таңдайды.Қызметтің мына түрлерін ұнатады:математика,география,геология,шығармашылық кәсіптер.

3

Аманбай Е

Жексебай А

Майрат А.

Қыдырғали А

Жаппарқұл Ш

Жәнібек А

Серікбай С

Балтағұл Д

Әлеуметтік тип.Айрықша әлеуметтік ептілігі бар,айналасындағыларға тәуелсіз,жағдайға тез бейімделгіш,сезімтал.Ұнататын қызмет саласы: психология,медицина,педагогика.   .

4

Бейсенбай С

Есім А

Конвенциялық тип. Құрылымдық қызметке бейім,нұсқау бойынша істейді.Ұйымдастырушылық қабілеті аз,ауыз сөзге жоқ.Ұнататын мамандықтары:бухгалтер,финансист,тауартанушы,экономист,іс жүргізуші,кеңсе қызметкері.   

5

Молдакей Ж

Манат А

Тапқыр тип. Белсенділік,қызбалықты,құлшынысты,ынта-жігерді талап ететін міндеттер мен мақсатты таңдайды. Мінез ерекшеліктері: басшылық етуді,нұсқау беруді,тапқырлықты ұнатады. Мұндай мінез ерекшеліктері дипломат,репортер,менеджер,директор,делдалға лайықты.  

6

Аманжол Е.

Қуаныш Д


Әртістік тип. Адаммен қарым-қатынаста өз қиял-сезіміне сенеді,сүйенеді.Өмірге сезімталдықпен қарайды. Мінез ерекшелігі: шешім қабылдауға тәуелсіз,икемді,өзімшілдігі мол. Шығармашылық кәсіпті ұнатады:музыка,сурет салу,гуманитарлық саладағы қызметке бейім. Бұлар тарих,филология,өнер жағын ұнатады.      


Қорытынды: Оқушылардың реалистік типі бойынша 4 оқушы -20%, интеллектуалдық тип 2 оқушы -10%, әлеуметтік тип 8 оқушы-40%, конвенциялық тип 2 оқушы- 10 %, тапқыр тип 2 оқушы- 10 %, әртістік тип 2 оқушы- 10 % көрсетті.

     Қазан айында 9 сыныптың оқушыларына психологиялық жаттығулар өткізілді. Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету. Қатысқаны:18Қатыспағаны:2  Серікбай С, Манат А себепті.

Нәтижесі: Ең алдымен оқушыларға  тренингтің барысы мен мақсаты таныстырылды. «Есімдер аллитерациясы» жаттығуында әр оқушы өз отбасындағы адамдардың  бір еркелеткен сөзін еске түсіріп  өз есіміне бір жағымды қасиетін  қосып шеңбер бойымен айтып шықты. Жаттығу балаларға ұнады. Оқушыларға  мамандық таңдауда ұстанатын ережелер айтылды. Оқушылар арасында ережелер туралы пікір алмасу жүргізілді. «Ең-ең...» ойыны арқылы оқушылар 3 топқа тренингтің басында бөлініп отырды. Әр топқа парақшалар таратылды. Ол парақшаларда мына жазулар бойынша  ең ақшалы мамандықтар, ең таза мамандықтар, ең көңілді мамандықтар  деп жазылған карточкалар таратылды. Топтың ішінде ақылдасып мамандықтардың тізімін құрып, топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шықты. Оқушылар белсене қатысты .«Мамандықты тап» ойынында қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылды, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетті. Қалғандыр мамандықты тауып айтты. Ойын қызықты өтті. «Мейірімділік алаңы» жаттығуында қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер таратылды. Гүлдерге – оқушыларға, күннің шуақтарына - ұстаздерға арналған кәсіби бағдар таңдауда ұсыныстар жазылды және де ақ ватманға бекітілді. «Бос микрофон» жаттығуында еркін түрде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір бөлісті. Тренинг барысында айта алмай қалған ойларын айтып ортаға салды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу. 

Психодиагностикалық бағыт бойынша оқушылардан қыркүйек-қазан айында 8-9 сынып оқушыларынан «Кактус» әдістемесі алынды. Қараша айында 9-11 сынып оқушыларынан «Интернетке тәуелділіктің алдын алу» сауалнамасы алынды. Мақсаты: Баланың ғаламторға, интернет ойындарына тәуелділігін анықтау.Қатысқаны: 27Қатыспағаны: 4

         Нәтижені өңдеу:

Деңгейі

9-сынып

10-сынып

11-сынып

1

Өте жоғары

-

-

-

2

Жоғары

-

-

-

3

Орташа

-

-

1

4

Төмен

1

2

1

5

Өте төмен

16

4

2


     Шешімі/қорытынды:  Оқушылардың 81,5 %   интернетке тәуелділігі өте   төмен.  18,5 % төмен деңгейді көрсетті. Жалпы интернетке тәуелділік анықталмады. Орташа деңгейде 1 оқушы 11-сынып оқушысы Ермекқызы Дана. Сынып жетекшісіне ескертілді. 

«Зорлық-зомбылық және балалар» анонимді сауалнамасы алынды.Мақсаты: Жасырын түрде, оқушыларға қатыгез қарау фактілері, зорлық-зомбылық және балалардың құқығын қорғаудағы проблемаларды анықтап, осы мәселе бойынша балалардың көзқарасын білу.Қатысқандар: 7-11 сынып оқушылары. Барлығы: 69 оқушы. Қорытындысы:  7-11  сынып аралығында оқушыларға арналған жасырын сауалнама жүргізілді. Барлығы 69 оқушы. Оның ішінде 32  ер оқушылар және  37 қыз   бала қатысты. Оқушыларға 7 сұрақ ұсынылды.  Қатысқан   оқушылар түгел  жауап берді.  
 Оқушылардан зорлық-зомбылыққа байланысты алынған сауалнама бойынша анықталғаны:

-Ата-аналарымен қарым-қатынасы жақсы;

-Өздеріне қатысты зорлық жасалмаған;

-Үйлерінде зорлық жасалмаған;

            -Мектепте зорлық жасалмаған;


«Буллинг және кибербулинг дегеніміз не?»  тақырыбында психологиялық алдын алу жұмысы жүргізілді. Мақсаты: Мектеп оқушылары арасында бір-бірінің ізіне түсудің алдын алу, баланың күйзеліс жағдайы мен агрессия кезінде өзін-өзі ұстай білуіне көмектесу.

Нәтижесі: Оқушыларға «Буллинг және кибербулинг дегеніміз не?» тақырыбында презентация ұсынылды. Кибербуллинг немесе киберқорқыту – бұл компьютерлерді, ұялы телефондарды, смартфондарды немесе кез-келген басқа технологияларды өзге адамның жанын ауырту немесе оны ұялту мақсатында әлденеше рет қолданып қорқыту. Мен кибербуллинг құрбанымын ба? Қалжыңды келемежден   қалай ажыратуға болады? Сұрақтарына жауаптар алынып, кеңестер берілді. Егер мені біреу онлайн қорқытып жатса, кімге айтуым керек және айту неге маңызды? Осы сұрақ жауап аясында оқушыларға жадынамалар таратылып берілді.

Қорытынды: Оқушылар өз ойларымен бөлісті. Жалпы оқушылар достық қарым-қатынаста, ауызбіршілікті екендіктерін айтып өтті.