Ата-аналар жиналысының хаттамасы №3 » Береке орта мектебі
"Алматы облысы
,білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27)73-96-5-29
Есепші бөлімі:
+7(27)73-96-5-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
декабрь
2021

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №3

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №3


Өткізілген күні: 28.12.2021 ж.
 Өтілетін орны: «Береке орта мектебі   МДШО» мкм
 Басталуы:17 .00 – де
 Мектеп директоры: Е.Жебегенов
 Д ДОІЖО – Г.Алимова 

ТІЖО – Г.Тынышбайқызы
 Ата-аналар комитетінің төрайымы- Г.Абжанова
 Әлеуметтік педагог- А.Оразалина
 Қатысушылар: ата – аналар - 110 , сынып жетекшілер - 11
 Өткізілу форматы: жалпы ата – аналар жиналысы


Күн тәртібінде қаралған мәселе:

1.  2021-2022 оқу жылының бірінші жарты жылдығының қорытындысы. /Г.Алимова/

2. Оқушылар арасындағы діни экстримизм мен лаңкестіктің алдын алу, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламалардың орындалу барысы. /Г.Тынышбайқызы/

Тыңдалды:

    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Алимова хабарлама жасады. Ол өз сөзінде 2021-2022 оқу жылының І жарты жылдығында барлық сыныптарда  бөлім бойынша, тоқсан байынша жиынтық бағалаулар алынып, мониторингі жүргізілді. Мониторинг бойынша  білім сапасы төмен көрсеткіш көрсеткен  сыныптардағы  оқушылардың нақты қай пәндерден  төмен екендігі анықталып, сол сабақтар бойынша  қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Кестеге сәйкес қайтадан  сынама жұмыстары жасалынды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселесі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Тынышбайқызы хабарлама жасады. Ол өз сөзінде оқушылар арасындағы діни экстримизм мен лаңкестіктің алдын алу, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламаларының орындалуы туралы айтып өтті. Сонымен қатар «Терроризм» ұғымына қатысты көптеген анықтамалар мен түсіндірмелер болғандықтан, жұртшылыққа ортақ анықтама беру қиынға соғатындығын, алайда, оның «зорлық‑зомбылық», «қорқыныш пен үрей туғызушылық» және «кінәсіз адамдарға кесір тигізу» сынды басты белгілерін айқындай кетуге болатындығын, бұған негіздесек, терроризм «үкімет немесе қоғамды белгілі бір саяси талаптарды қабылдауға мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде жасалатын қоқан‑лоққы мен зорлық‑зомбылық» дегенді түсіндіріп айтты.

Кейін сөзді тарих пәнінің мұғалімі С.Көпенбаеваға берді. «Діни экстремизм мен терроризмнің адын алу жолдары» атты баяндама оқып,«Діни экстремизм» дегеніміз - жаппай санада «экстремизм», «діни экстремизм» және «терроризм» ұғымдары агрессиялықтың, жеккөрушіліктің, қатігездік пен алауыздық ұғымдарын тасымалдаушы синонимдер болып табылады.

Ендеше, дін мен діни экстремизм ұғымдарының ара-жігін ажыратып алғаннан кейін қазіргі таңда өзекті тақырыпқа айналған Ислам діні мен Ислам атын жамылған экстремистік бағыттағы ағымдар жөнінде тоқталғанымыз жөн. Ислам діні – ғылым мен білімге, толеранттылыққа шақыратындығын айтып өтті.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша  ата-аналар кеңесі отырысы шешім етеді.

ШЕШІМ:

  1. 2021-2022 оқу жылының бірінші жарты жылдығының қорытындысы қанағаттанарлық  деп  есептелінсін.
  2. Оқушылар арасындағы діни экстримизм мен лаңкестіктің алдын алу, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламалардың орындалу барысы  бойынша   жұмыстар жандандырылсын.
  3. «Діни экстремизм мен терроризмнің адын алу жолдары» атты баяндама тыңдалып, танысты деп есептелінсін.



Отырыс төрайымы:  Г.Абжанова
 
 Хатшы:  Ж.Сансызбай